Нұр-Сұлтан
Қазір
10
Ертең
16
USD
447
-0.91
EUR
476
-2.17
RUB
4.79
+0.03

Путин WADA баяндамасын “геополитикалық қысыммен” байланыстырады

WADA жариялаған баяндамасында Ресейлік допингке қарсы лаборатория рұқсат етілмеген препараттарды пайдаланған спортшылардың допинг сынамаларын қасақана жасырып келгендігі айтылған. Мәскеулік, сондай-ақ сочилік лабораторияларда спортшылардың анализдерін жасырудың артында Ресейдің спорт министрлігі тұр, делінген құжатта. Сынамаларды алмастыру ісіне, әсіресе Сочидегі Олимпиада ойындары кезінде, Федералдық қауіпсіздік қызметі (ФҚҚ) де қатысқан.

2015 жылы қарашада WADA Мәскеудегі допингке қарсы лабораториядағы былықтар туралы мәлімдеме жасады. Ұйым мәлімдемесінде ресейлік спортшылардың рұқсат етілмеген препараттарды пайдалануы “мемлекет қолдайтын дәстүрге айналған” делінеді.

2016 жылы маусымда Халықаралық жеңіл атлетика федерациясы ресейлік спортшылардың дисквалификациясын ұзартып, олардың Рио-де-Жанейродағы Олимпиада ойындарына қатысуын шектеді. Бұл шешімді Халықаралық олимпиада комитеті қолдады.

Соның нәтижесінде Ойындарға ресейлік ұзындыққа секіруші Дарья Клишина ғана жіберілетін болды. Клишина үш жылдан бері АҚШ-та жаттығып жүр. 60-тан астам ресейлік жеңіл атлетші Лозаннадағы Халықаралық спорттық алқа сотына жүгінді. Олардың арыз-шағымдары 19 шілдеде қарала бастайды.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз