Нұр-Сұлтан
Қазір
-2
Ертең
1
USD
448
-0.67
EUR
503
-1.51
RUB
5.52
+0.04

Қытай мен Түркиядан зат жеткіземін деген алаяқтар жүздеген адамды алдап кетті

Жәбірленушілер бұл үкімді бір жыл күтті. Олар өздерін алдаған әйелдің жауапқа тартылғанын да жеңіс деп санайды. Қарағанды қаласы Қазыбек би аудандық сотының судьясы Арғын Құтышевтің айтуынша, сотталушы үнемі «Мен Гуанчжоудамын, Үрімші қаласындамын» деп айтқанымен, ол жерде ешқашан болмаған. Тек 4 наурызда бір рет Қытайға барған. Ол тікелей жеткізуші емес. Ешқандай зауытпен жұмыс істемеген. Осылайша, барлығын алдап келген.

Жәбірленушілердің жалпы саны – 461 адам. Олар топ болып, аса ірі мөлшерде алаяқтық жасағаны үшін қарастырылған ең жоғары жаза тағайындауды талап етті. Атап айтқанда, кәсіпкер әйелді 10 жылға, ал менеджерді 8 жылға соттауды сұрады.

Алайда судья сотталушылардың әрекетінде жазаны ауырлататын мән-жайлар жоқ екенін түсіндірді. Сондықтан оларға заңда көзделген ең жоғары жазаның үштен екісінен артық мерзім тағайындауға мүмкіндік болмаған.

«Оның бізге қарызы бар және бір жыл ішінде ақшаны қайтаруы керек. Егер ақшаны қайтарғысы келмесе, түрмеге отырады. Егер ақшаны қайтара бастаса, онда біздің осы әрекетіміз бекер болмағаны», – дейді жәбірленуші Анастасия Семенова.

Тағы бір жәбірленуші сотталушыларға тағайындалған мерзім аз деп санайды. Жалпы сот шешімі бойынша жәбірленушілерге 700 миллион теңгеден астам шығын өтелуі тиіс. Оның ішінде кәсіпкер әйел мен менеджер шамамен 250 миллион теңгені ортақ жауапкершілік тәртібімен қайтаруға міндеттелді.

Сот үкім шығарған кезде залда сотталған менеджердің күйеуі де болған. Ол сот үкімінің әтілетсіз болғанын айтты.

«Бұл мүлде әділетсіз үкім. Ол 10 пайыз табыс тапқан, ал үкім бойынша оған шығынның жартысына жуығын жүктеп қойған», – дейді Виталий.

Жеті баланың анасы болып отырған кәсіпкер әйел өзін алаяқ деп санамайды.

«Мені де көлікке тапсырыс берген адамдар алдады. Олардың арасында осы іске қатысы бар адам да болды. Ол мені танымайтынын айтты. Енді нені дәлелдейсің? Ештеңе дәлелдей алмайсың», – дейді сотталушы кәсіпкер.

Сот үкімі заңды күшіне енгеннен кейін екі әйел де бір жыл бойы пробация қызметінің есебінде болады. Осы уақыт ішінде олар жәбірленушілерге келтірілген шығынды толық өтеуге міндетті.

Егер бұл талап орындалса, кейін жазаны жеңілдету немесе одан босату туралы өтініш бере алады. Ал шығын өтелмесе, бір жылдан кейін оларды түзеу мекемесіне жібереді. Екі сотталушы да облыстық сотқа апелляциялық шағым түсірмек.

Серіктестер жаңалықтары
Көп қаралған
© «365 Info», 2014–2026 [email protected], +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз