Нұр-Сұлтан
Қазір
21
Ертең
23
USD
448
-1.49
EUR
478
-0.38
RUB
4.76
0.00

“Былқ етпейсің ғой өзің…”. Қоғам белсендісі Бала омбусменінің ел алдына шығуын талап етті

435

Сәуле Айтпаева, Бала омбудсмені

 

„Туған әкесі үш жасар қызын зорлады, одан соң пышақтап өлтірді. 19 жастағы бойжеткен өзінің жасқа толмаған сәбиін өлтірді деп күдікке ілінді. 56 жастағы еркек 7 жасар көрші қызын зорлаған.

Бұл қандай да бір қорқынышты кинода келтірілген деректер емес, қазір, дәл бүгін Қазақстанда боп жатқан жантүршігерлік оқиғалар!

«Алты жасар қыз…». Сарыағаштағы бала зорлығы оқиғасы Алматы облысында қайталанды

Қанша жерден қаламасақ та осындай сұмдық жағдайға душар боп жатырмыз.

Бірақ Үкімет үнсіз, өйткені мұндай фактілер біздің бақ-қуатты өмірімізге еш үйлеспейді ғой. Сондықтан да біз құзырлы органдардың бұл реттегі үнін естімейміз, ел алдына шыққанын көрмейміз. Оны айтасыз, барлық баланың құқығын қастерлеп, қорғаушы Бала омбудсмені де төбе көрсетпеді ғой мұндайда!

Айтпаева ханым, Сіз өзіңіздің кім екеніңізді ұмытып қалған жоқсыз ба? Балалардың құқығын қорғайтын ресми өкіл емес пе едіңіз? Миллиондаған баланың мамасы боласыз, негізі.

«Шаласауатты». Аружан Саин зорланды делінген баланың шешесі туралы айтып берді

Осы қызметіңізге келіп, жайлы орындыққа жамбасыңызды басқаныңызға 4 ай болыпты өзі. Осы аз уақыт ішінде, статистика бойынша, шамамен 300 бала зорлық-зомбылыққа ұшыраған! Естисіз бе? 300 бала… Ал Сіз болсаңыз, былқ етпейсіз.

Мұнымен арам пиғылды қылмыскерлердің „сыбайласы„ боп шыға келуде екеніңізді байқамайтын да боларсыз. Иә, жамандықпен күрспесек, демек оны қолдаушы, оған жол беруші емей неміз сонда?..

Елге деп дабыра қылмай-ақ қояйын, ең құрымағанда, зорлық-зомбылыққа ұшыраған, суицид жасаған балалардың ата-анасына өз жұмысыңызға қалай қарайтыныңызды айтып, түсіндіріп беріңізші.

Сіз генералсыз, әскери адамсыз, билік дәлізіндегі қаралы ойындар шынымен де жүрегіңізді қарайтып жіберген бе?

Әйтпесе өзіңізге жүктелген жауапкершілікті осы күнге дейін бір сезінер едіңіз ғой, а…„.

«Сұмырайлар!..». Ауыл ақсақалы бала зорлығына қатысты сұмдық фактілерді айтты

Айта кетелік, күні кеше ғана Қазақстанда балаға қатысты тағы бір жантүршігерлік факті тіркелді. Ақтауда бір әйел 9 жасар баласын тұншықтырып өлтірген.

Ал прокурор әрі депутат болған генерал Сәуле Айтпаева 4 ай бұрын Түркістан облысы Сарыағаш ауданындағы 1-сынып оқушысының зорлық оқиғасы маңындағы даудан соң қызметінен кеткен Зағипа Балиеваның  орнына келген еді.

Жаңа қызметке келгелі бұл кісі ел алдына шығып, есеп берген емес. Мәселен, жазда Сарыағаштағы оқиға Алматы облысында қайталанып, бала обудсменін іздегенде бәрі оны орнынан таппай қалған. Сөйтсе ол жазғы еңбек демалысында шетелде жүріпті.

«Бекболат дұрыс айтыпты…». 7 жасар баланың жәбір көруіне кім кінәлі?

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз