Нұр-Сұлтан
Қазір
0
Ертең
2
USD
449
-1.43
EUR
484
-3.48
RUB
4.86
0.00

“Шаласауатты”. Аружан Саин зорланды делінген баланың шешесі туралы айтып берді

159

Бала мен апасы бар видео шыққан соң тараған сөзге ол сенбейді. Өйткені олар оралмандар.

Абай ауылына көшіп келген. Бірақ апасы жұмысқа орналаса алмаған, себебі отбасында қарауды қажет ететін мүгедек адам бар”, – деді Аружан Саин Алматыдағы баспасөз мәслихатында.

Қоғам белсендісі бала шешесінің Астанаға аттанып кеткенін де айтты.

https://kaz.365info.kz/khatelik-ketti-bala-oorlygyna-bajlanysty-shendiler-zhymystan-ketti-306706

“Ол әйел сауаты төмен екенін өзі мойындады. Өйткені 8-сыныптан соң жұмысқа шығып кетіпті. Дәретхана жуған, ыдыс жуған. Ал қазір асханада жұмыс істеп, бұл істі жақсы меңгеріп алыпты.

Ол отбасын жалғыз асыраушы.

Әйел баласының жуас екенін, төбелесе алмайтынын айтып отыр. Ол сұмдық жағдай орын алғанда ауылға барып, баласының құқығын қорғауға тырысқанын айтып отыр. Мектепке де, полицияға да барыпты.

Қазір ол баласын сенімді өкіл – Құрманғазы Мүсірге сеніп тапсырғанын айтып отыр. Біз шынымен де зорлық фактісі орын алды ма, соны білгіміз келеді. Сараптама оны жоққа шығарса, бізді айыптаушылар табылатынына сенімдіміз, біз оған дайынбыз да. Бірақ ақ-қараны анықтау – біздің борышымыз. Сондықтан бала омбудсменіне бірге әрекет етуді, не істеп жатқанымыздан бір-бірімізді хабарлап отыруды, бәрін жария жүргізуге келістік.

https://kaz.365info.kz/shoshyna-beredi-shymkentte-alty-bala-1-synyp-okhushysyn-zorlap-zhyr-306166

Қазір баланы балалар үйіне өткізіпті деген желеу сөз шығып жатыр. Ол өтірік, бала Астанада, бірақ балалар үйінде емес. Баланың мамасы тек сенімді өкілі Құрманғазы Мүсірдің айтқанымен әрекет етемін деп отыр”, – дейді Аружан.

Бүгін Зағипа Балиева баланың анасын Астанаға шақыртқанын жария еткен еді.

https://kaz.365info.kz/isti-zhauyp-tastajdy-zanger-okhushyny-zorlau-okhigasyna-khatysty-ashhy-shyndykhty-ajtty-306361

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз