Нұр-Сұлтан
Қазір
4
Ертең
1
USD
455
+7.25
EUR
510
+6.55
RUB
5.37
+0.02

MEGOGO ұстаздар туралы фильмдер топтамасын жариялады

История одного учителя 

Фильм Аманғали есімді оқытушының төңірегінде өрбиді. Балаларының болашағын қамтамасыз еткісі келген кейіпкер алаяқтың кесірінен жиған-терген қаржысынан айырылып қалады. Жұмыссыз әрі отбасысыз қалған ол қарыздарын қайтару үшін студенттерді оқытуға қайта оралады. Фильмнің негізгі қақтығысы кейіпкердің өз ар-намысы мен қадір-қасиеті үшін күресіне құрылған.

Последний урок

Сюжет өз ісіне берілген, оқушыларына шын жүректен жанашырлық білдіретін ағылшын тілі мұғалімі Джеймс Льюис төңірегінде өрбиді. Бірде ол оқушыларының бірі ықпалды әрі өктем қатарласы тарапынан қысымға (буллингке) ұшырап жүргенін біледі. Мектеп әкімшілігінің дәрменсіздігін көрген мұғалім жағдайды өз бақылауына алуға бел байлайды.

Каратэ-пацан

Нағыз тәлімгердің адам өмірін қалай өзгерте алатыны туралы оқиға. Фильм ұстаздың басты сабағы құрғақ дағдыларды беруде емес, мінезді шыңдап, өзіне сенуге үйретуде екенін көрсетеді.

Очень плохая училка 

Стандартты әдістемелерге пысқырып та қарамайтын, бірақ ақырында оқушыларының емтихан тапсырып, өз қабілеттерін көрсетуіне байқамай көмектесетін ерекше мұғалім туралы Кэмерон Диас ойнаған көңілді комедия.

Половое воспитание 

Жүйенің тыйымдары мен стереотиптеріне қарамастан, өз оқушыларына есеюдің күрделі кезеңінен өтуге көмектесуді ұйғарған жас мұғалім туралы жүрекке жылы комедия. Фильм нағыз ұстаздың ашық диалогтан қорықпайтынын және өз шәкірттерін әрдайым қолдауға дайын екенін еске салады.

Битва преподов

Оқу жылы аяқталар шақта мұғалімдердің шыдамы шегіне жеткенде не болатыны туралы ішек-сілеңді қатыратын комедия. Чарли Дэй мен Айс Кьюб дуэті ұстаздар жұмысының күйзеліске толы екенін және кейде оларға да шерін тарқатып, буын шығарып алу ауадай қажет екенін еске салады. 

Последний учитель

Қысқаметражды деректі фильм химия пәнінің мейірімді мұғалімі Ержан Қайдарұлы туралы баяндайды. Оқушылары сабақ үстінде жиі шулап, тәртіп бұзады. Бірде мұғалім өз ұлын жоғары сынып оқушыларының мазақтауынан қорғамақ болып, күрделі жағдайға тап болады. Нәтижесінде кейіпкер олармен төбелесіп қалады.

 

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2026 [email protected], +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз