Оңтүстік Қазақстан облысы Сарыағаш ауданы Абай ауылында зорланған делінген 7 жасар баланың ауылындағы құрметті азамат, қоғам қайраткері Дінмұхаммед Артықов балаға кем дегенде 10 рет зорлық жасалғанын айтады.
Ол кісіге Sputnik Қазақстан агенттігі хабарласып, сұқбат алған.
„Енді әжесі айтып отыр ғой, кішкентайды ауылдас жасөспірімдер өткен жылдың тамыз айынан бастап басына бастаған. Сол кезде зорланған. Бірінші рет бұл 26-тамызда болды.
Балалар ол кезде өзенге шомылуға барған .Сол арадан үлкен балалар балақайды қараусыз бұзылған үйге апарып, ұрып-соғады. Екеуі ұстап тұрған, үшіншісі зорлаған.
Бала үйге жылап келген, үсті-басы көк ала қойдай. Сол кезде зорлады деген. Бірақ ешкім оған сенбеген. Апасы зорлады деген балалардың ата-анасына барған. Олар бәрін жоққа шығарған. Мектепке, полицияға айтқан, бірақ ешкім ешнәрсе істемеген.
Олар алдымен ауруханаға барған, қан болған, бәрі қағазға тіркелген, бірақ бәрін „жоқ„ қып жіберген секілді. Мүмкін 10, не болмаса 15 рет балаға зорлық жасалған. Осы уақыт аралығында бала мектепке барып жүрген„ – дейді ол.
https://kaz.365info.kz/shoshyna-beredi-shymkentte-alty-bala-1-synyp-okhushysyn-zorlap-zhyr-306166
Одан соң зорлық жасады деген отбасының жайына тоқталған Артықов бұл арада сұмдық жайдың бетін ашты.
„Зорлаған балалардың отбасының жағдайы да мәз емес.
Екеуінің әкесі таяуда көз жұмды. Бірақ қайғыдан емес, есірткіні асыра пайдаланып қойғаннан болуы мүмкін. Өйткені олардың ата-аналары бұрын сотты болған, наркологиялық диспансерде есепте тұрады.
Баланың апасы төрт баланы айыптап отыр. Оның үшеуі Баласағұн атындағы №74 мектепте, ал біреуі жәбірленген баламен бірге Жәнібеков атындағы №73 мектепте оқиды„ – дейді ақсақал.
https://kaz.365info.kz/isti-zhauyp-tastajdy-zanger-okhushyny-zorlau-okhigasyna-khatysty-ashhy-shyndykhty-ajtty-306361
Сондай-ақ Дінмұхаммед Артықов істі жауып тастау фактісінің орын алуы әбден ықтимал екендігін де айтты. Оған аса ат салысып жатқан адамның бірі – №74 орта мектеп директорының туыстары.
„Директордың туған қайынағасы ішкі істер департаментінің криминалды полицияның бастығы. Ал оның туған қайын атасы кезінде Сарыағаш аудандық халыққа білім беру бөлімінің басшысы болған, қазір жеке кәсіподақтың басшысы.
Бұл арада бәрі бір-бірімен жең ұшы жалғасып жатыр„ – дейді ол.
Сондай-ақ Артықов билік өкілдерінің сөзін де жоққа шығарады.
“Білім және ғылым министрлігі сот-медициналық сараптамасы қандай шешім шығарғанын қайдан біледі? Өйткені бұл іске ешкім бас сұға алмайды.
Соған қатысы барлардан басқасы. Тергеушілер бұл мәліметті ешкімге жария етуге құқы жоқ. Өйтсе бұл қылмыстық іс болады. Білім басқармасы мұндай мәліметті қолдарына түсіре алмайды, іс бітпейінше. Осыдан-ақ істі жауып тастау үшін жан-жақтан қысым жүріп жатқанын көруге болады”, — дейді ол.
https://kaz.365info.kz/senbejmiz-khogam-belsendileri-zorlangan-balany-tauelsiz-sarapshylarga-teksertpek-306404
Артықов қазір баланың көшеге шығуға қорқып қалғанын, түнде жылап, шошынып, ұйықтай алмайтынын айтты. Оның айтуынша, бала мен әженің Өзбекстаннан келген көршісі ауылдан көшіп кетулерін талап етіп, қоқаңдап жатқан көрінеді.