Қазіргі балалар консольдерді, теледидарды, планшеттер мен смартфондарды тез меңгеріп алады. Олар сүйікті мультфильмдерін, бағдарламалары мен ойын-сауық контентін өздері тауып қарайды. Әрине, бұл бүкіл отбасы үшін өте ыңғайлы — тек бала байқаусызда жасына сай келмейтін контентке тап болмаса немесе сатып алу батырмасын басып жібермесе болғаны. Әр басуды үздіксіз бақылау мүмкін емес, тіпті оның қажеті де жоқ. Оның орнына балаңыздың контентті өзі еркін таңдауына, ал үлкендердің экранға телміріп отырмауына мүмкіндік беретін MEGOGO-дағы балалар профилі мен «Ата-ана бақылауы» функциясын қалай баптау керегін айтып береміз.
Алғашқы қадам — балаға арналған бөлек балалар профилін ашу. Бұны бір-екі басу арқылы оңай орындауға болады: профильді ашыңыз, «Балалар профилін жасау» бөлімін таңдап, баланың жасын көрсетіңіз. Осыдан кейін контент дәл осы жас санатына сай іріктеледі. Профильде жеке ұсыныстар, қаралымдар тарихы, танымдық видеолар топтамасы және қызықты форматтағы дамытушы бағдарламалар бар. Қажет болса, бір аккаунттың ішінде бірнеше балалар профилін жасауға болады.
Балалар профилін орнату үшін бірнеше минут қана жеткілікті:
Бұл әрекеттерді бір рет орындасаңыз жеткілікті, ары қарай пультты балаңызға алаңсыз ұсына берсеңіз болады — ол MEGOGO-дан өзінің жасына сай мультфильмдерді, шоулар мен танымдық видеоларды емін-еркін таңдай берсін.