Ол өз сөзінде бүгінге дейін ондаған үй алуға болатын ақшасы болғанмен, қазір баспана жалдап тұрып жүргенін айтты. Танымал актер Рамазан Амантай тележүргізуші Айнұр Асанбердіге берген сұхбатында мүшкіл жағдайы туралы айтып, сыр шертті. Ол өз сөзінде бүгінге дейін ондаған үй алуға болатын ақшасы болғанмен, қазір баспана жалдап тұрып жүргенін айтты.
«Қазір пәтер жалдап тұрамын. Бірнеше ай оның ақысын төлей алмай қалған кезім болған. Осы күнге дейін 20 үй алатын ақшам болған шығар. Бірақ ақылым болмапты. Оның бәрінде қасымдағы әйелім айтпайды емес, айтады. Бірақ мен бой бермеймін. Ақшаны үйде әйелім ұстайды деп ойлайтын шығар. Бірақ мен өзім ұстаймын. Оған қандай жағдай болса да бермеймін. Ақшаның бәрі өзімде болады. Соны сыртқа апарып шашамын. Сол ақымақ істеріме куә болғандар бар. Осының бәрін есіме түсіріп, жылап жібердім», – дейді Рамазан Амантай.