Қазақстандық спортшы Алан Құрманғалиев Түркияның Ыстамбұл қаласында өтіп жатқан үстел теннисінен жастар арасындағы әлем чемпионатында қола жүлдегер атанды.
Ол жұптық сында Иран өкілі Беньямин Фараджимен бірге өнер көрсетті. Жартылай финалда қазақстандық-ирандық жұп Оңтүстік Корея спортшыларына 0:3 есебімен жол берді. Осылайша, Алан Құрманғалиев пен Беньямин Фараджи әлем чемпионатын қола медальмен аяқтады.