Өскеменде дәмханалардың бірінде болған жанжал салдарынан 40 жастағы ер адам қаза тапты. Ол полиция қызметкері болған.
Оқиға 4 қазанға қараған түні болған. Шығыс Қазақстан облысы полиция департаментінің мәліметінше, дәмханаға келушілердің бірі өзін дұрыс ұстамағаны үшін ескерту жасаған 40 жастағы ер адамға дене жарақатын келтірген. Жәбірленуші алған жарақаттарының салдарынан оқиға орнында көз жұмды. Тағы бір адам зардап шеккен.
Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу жалғасып жатыр. Істің мән-жайына байланысты өзге ақпарат әзірге жарияланбайды.