Нұр-Сұлтан
Қазір
8
Ертең
0
USD
445
-1.34
EUR
474
-1.25
RUB
4.76
-0.02

“Алты жасар қыз…”. Сарыағаштағы бала зорлығы оқиғасы Алматы облысында қайталанды

111

Бұл масқара жайт туралы бүгін адвокат Айман Омарованың әлеуметтік желідегі жазбасында жария болды деп хабарлады 31 телеарна.

Бұл жолы 3 балаға зорлық-зомбылық көрсетілген. Оның бірі 6 жасар қыз бала. Адвокаттың айтуынша, бұл істе де сотқа жеткізбей жабуға тырысушылар болған. Өйткені зардап шеккен бүлдіршін қыздың ата-анасы қоймай қойған соң ғана полиция медициналық сараптама жасауға нұсқау берген. Ал білім басқармасындағылар, әдеттегідей, бұл істі жылы жауып тастауға тырысқанға ұқсайды.

https://kaz.365info.kz/zorlykh-faktisi-rastaldy-saryagashtagy-balanyn-myddesin-khorgaushylar-algash-ret-ashykh-sykhbat-berdi-326758

Телеарна тілшілері Қарасай аудандық білім басқармасына барып, бұл істің мән-жайын білмек болғанда басшының Талдықорғанға кеткенін естіген. Ал Қарасай аудандық білім беру бөлімі бастығының міндетін уақытша атқарушы Әсет Нүрекенов болса, зардап шегушілердің есігін қақпағанын, оларға ешқандай өтініш жасамағанын айтып, өздеріне тағылған айыптан әбден жалтарыпты. Бірақ баланың жағдайын білуге барғанын растаған. Алайда адвокат басқа нәрсені айтып отыр.

АЙМАН ОМАРОВА, адвокат:

– Шамамен 10 шақты адам зардап шеккен баланың үйіне түскі 15.00 уақытында келген. Бірақ оларды ешкім үйге кіргізбеген. Сонда да қоймай түнгі 22:00 шамасында тағы келген бұлар.

Кімдер олар деп ойлайсыздар? Әрине, Алматы облысы Қарасай аудандық білім басқармасының қызметкерлері. Олар ата-анадан баласына тиіскендерді кешіруді сұраған. Масқара емес пе бұл?..

https://kaz.365info.kz/akhtobede-16-zhasar-zhasospirim-7-zhasar-balany-zorlagan-326686

Телеарнаның келтірген дерегі бойынша, ҚР Ішкі істер министрлігі тамыз айының басынан бастап Қарасай ауданы бойынша кәмелетке толмағандарға зорлық-зомбылық көрсетілгені туралы үш деректің тіркелгенін растаған. Мұндағы күдіктілер де оқушы балалар.

Масқара боп, кеше ғана Сарыағаштағы бала зорлығы фактісі расталды. Оған қоса Алматы облысында тағы үш бүлдіршіннің үлкен оқушылардың қорлауына ұшырағаны белгілі боп отыр. Әрине, бұл қоғамды аяғынан тік тұрғызатын масқара жайттар. Өйткені бәрі бала тәрбиелеп, оның қауіпсіздігі үшін аса алаңдаулы. Сондықтан

мұндайда бала омбудсменнің ел алдына шығуы міндетті. Алайда телеарна тілшілері анықтағандай, Зағипа Балиеваның орнын басқан сенатор Сәуле Айтпаева өз орнында болмай шықты. Бұл қызметке келгеніне екі ай болғанына қарамастан ол кісі еңбек демалысына шығып, шетел қыдырып жүр екен.

https://kaz.365info.kz/iim-almaty-oblysynda-balalardyn-zhynystykh-zorlykhkha-yshyrauyna-khatysty-malimdeme-zhasady-326684

Ол кісінің бала мәселесіне бел шеше кірісіп кеткенін қоғам аңғарған да жоқ. Алайда оның көмекшісі басқа жайдан хабар беріпті.

“Сәуле Айтпаева бірнеше қылмыстық істі тексеріп, Бас прокуратураға сауал жолдаған. Жұмыстар атқарылып жатыр” депті тілшілер сауалына ол.

Алайда жаңадан тағайындалған бала омбудсменінің БАҚ-та төбе көрсетіп, елең еткізерлік мәлімдеме жасағанын ешкім көрген жоқ. Сондықтан еңбек демалысынан соң ол кісі жаңа ісіне дұрыстап кірісіп, өзінің біліктілігін танытады деп үміт артқаннан басқа амал жоқ бізге.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз