Нұр-Сұлтан
Қазір
11
Ертең
20
USD
448
-1.49
EUR
478
-0.38
RUB
4.76
0.00

“Бекболат дұрыс айтыпты…”. 7 жасар баланың жәбір көруіне кім кінәлі?

114

Баланың жанынан табылған белсенділердің шын пиғылын ит біліп пе, ішіне кіріп шықпағасын.

https://kaz.365info.kz/auzyndagyny-alyp-tasta-bekbolat-tileuhan-zhezoksheni-zhonge-saludyn-zholyn-korsetti-275277

“Қойшы көп болса, қой арам өледі” дегеннің кері болды. Кімге сенерімізді білмедік? Дағдардық.

Дабыра бар, дұрыс іс жоқ. Болған жайды бұра тартушылар қаптап кетті. Аласапыранның арасынан оқиғаның ақ-қарасын ажыратып көр, бұдан кейін. 

Баланың зорланғаны дәлелденсе, бұл біздің қоғамның әбден іріп-шірігенінің белгісі деп түсіну қажет. Бала осы қоғамның құрбаны болды. 

Ол жазықты емес, анығында. Көзін ашқалы бері көргені жоқшылық. Тапшылық. Таршылық. Шешесі “ақша табам” деп, айдалада жүр. Әкесі? Әкесінің қайда екені белгісіз. Әжесінің қолында. Көзін ашқалы әкесіз өсіп келеді, шешесіз өсіп келеді. Кім қарайды оған? Кім оған қалқан болады? Кім оған демеу болады? 

https://kaz.365info.kz/sheshesi-menin-khasymda-zorlandy-degen-balanyn-advokaty-attandap-zhatyr-306934

Жоқшылықтың кесірі мұны бәрі. Мұның бір себебі жоқшылық. Сонымен сабақтасып жатқан жасықтық, жалтақтық. 

Жоқ, бұл туралы ешкім айтқан жоқ. 

Аружан Сайын дұрыс айтады: 

“Полиция әжесі мен немересін пойызға мінгізбей, күштеп алып кеткеннен кейін, бұл жағдай бақылаудан шығып кетті, әсіресе, ақпараттық кеңістікте. Істі дәл бұлай ушықтырмауға әу баста болар еді” дейді. 

Сонда мұны ушықтырған кім? Арандатқан кім? 

Айналып келгенде, бәріне Балиева кінәлі болып шықты, байқадыңыз ба? Зағипаны суқаны сүймейтіндер бұл жағдайды оған қарсы пайдаланған түрі бар. 

Күні кеше Балиеваны жақтап Бас прокуратурасының құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінің төрағасы Бағдат Мусин пост жазды.  Ол бала құқықтары жөніндегі омбудсменнің тек жақсы жақтарын атап көрсеткісі келетінін және оған даттағандарға үнсіз қарап отыра алмайтынын жеткізді.

Бағдат Мусиннің сөзінше, 2 000 жылдары сыбайлас жемқорлық жайлаған бірқатар салалардың парақорлықтық тазалануына Зағипа Балиеваның қажырлылығы мен табандылығы себеп болған.

Мусиннің бұлай теуі тегін емес. Түсінгеніміз, дәл әзір Балиева қарсы ақпараттық шабуыл күшейіп тұр. Масқарасы, жәбір көрді делінген 7 жасар бала тағы тасада қалды. 

https://kaz.365info.kz/isti-zhauyp-tastajdy-zanger-okhushyny-zorlau-okhigasyna-khatysty-ashhy-shyndykhty-ajtty-306361

Дәл әзір баланың отбасын, олардың өткен өмірін қазбалаудың қажеті жоқ. Жетер. Жазылды. Айтылды. Әуелгі мақсат осы ма еді? 

Дәл әзір 7 жасар ұлды мазақ қылғандар туралы айтылуы керек. Кім олар өзі? Адам ба, айуан ба? Ертең ержеткесін кім болады? Елдің көзіне қалай қарайды? 

Бұл орайда, Бекболат Тілеуханның сөзінің жаны бар. 

“Қоғам талабы қашан да ескерілген. Көптеген өзгерістерге қозғау болған.

Қалай дегенмен, кінәлары дәлелденсе, кім болса да, әділ және мүмкіндігінше қатал жазасын алуы тиіс!

Осыған аяушылық жасап, жымын білдірмей жаба салайық деген пиғылдағы адамның бәрі – сыбайлас, соны білсін! Педофилияға қатысты заңнамадағы жазаның бәрін күшейту керек!”, — деді ол.

Айтуынша, Сарыағаштағы сұмдық – адамның ісі, айтуға ауыз бармайтын айуандық.

“Бұның түп-тамырын қазсақ, әрқайсымызға тіреледі.

Жергілікті деңгейде сынып жетекшісі, мектеп инспекторы, мектеп психологы, ата-ана, мектеп басшысын кінәлармыз.

Орнынан кетер, орнына басқа адам келер, жарайды. Бірақ, мемлекеттік жастар идеологиясының ию-қиюы шыққанын, қоғамдық ұяттың азайғанын, кинодан сән, әннен мән кеткенін мұндай шешіммен түзей алмайсыз. Түзей алмаймыз”, – дейді Тілеухан. 

https://kaz.365info.kz/koz-zhymdy-okhushyny-zhappaj-zorlady-degen-okhigaga-khatysty-tyn-malimet-zhariyalandy-306341

Осыдан бір апта бұрын Оңтүстіктегі Сарыағаш ауданы Абай ауылында тұратын 7 жасар баланың жәбір көргені жайлы жазған болатынбыз. Әжесі жергілікті журналистерге берген сұхбатында немересінің былтырдан бері зорланып келе жатқанын айтқан. Айтуынша, көрші мектептің 7-8 сынып оқушылары 1-сынып оқушысын алдымен ұрып соғып, артынша зорлайды екен. Осылай былтыр тамыз айынан бері жалғасып келеді дейді ол.

Баланың әжесі сұмдық жағдайды айтып мектеп директорына да, учаскелік полицияға да арызданыпты. Алайда, олар арызды қабылдамай, әжейге құрғақ уәде беріп, істі жылы жауып тастауға тырысқан екен.

Кейінірек белгілі болғандай, жоғары сынып оқушылары оқитын мектептің директоры жергілікті мәслихат депутатының келіні екен. Оның қайнісі ОҚО ІІД-де басшылық қызметте.

 

https://kaz.365info.kz/khazakh-shashyn-zhappagan-bekbolat-tileuhannyn-efirden-khiylyp-ketken-sozi-292386

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз