Нұр-Сұлтан
Қазір
0
Ертең
8
USD
454
-1.33
EUR
510
+0.46
RUB
5.31
-0.06

Атырауда лифт апатты түрде төмен түсіп, үш адам ауруханаға жеткізілді

Медициналық мекеме мәліметінше, үш науқас травматология бөліміне жеткізілген. Оларға қажетті тексеру жүргізіліп, медициналық көмек көрсетілгеннен кейін амбулаториялық ем алуға жіберілген.

Лифттің апатты түрде төмен түсуіне не себеп болғаны әзірге белгісіз. Оқиға орнына Атырау әкімі Данияр Таханов барды.

Әкімдік мәліметінше, қала әкімі жауапты қызметтерге оқиғаның себептерін жедел анықтауды және қаладағы көпқабатты үйлердегі лифтілердің техникалық жағдайын толық тексеруді тапсырды. Қазір оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.

Серіктестер жаңалықтары
Көп қаралған
© «365 Info», 2014–2026 [email protected], +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз