Нұр-Сұлтан
Қазір
2
Ертең
1
USD
450
-0.49
EUR
487
-1.57
RUB
4.86
0.00

Бүгін Астанада ресми онлайн-петициялар институтын енгізу жобасы талқыланады

Талқылауға жиналғандарға аталған жобаның тұжырымдамасы таныстырылады. Тақырыпқа қатысты білікті сарапшылар пікір алмасып, жаңа бастамаға қатысты өз көзқарастарын білдідерді.

Аталған шараның модераторы „Қазақстан 2050„ жалпыұлттық қозғалысы кеңесінің төрағасы Данат Жұмин он-лайн петиция еліміздің демократиялық ахуалын жақсартады деп санайды.

– Біз мемлекеттік органдар жанында қоғамдық кеңестер құрылғанын білеміз. Алайда олардың жұмысы көрінбейді. Не талқылап жатыр, не үшін, ол жағы түсініксіз. Бұл олардың жұмысының алғашқы кезеңі болғаннан кейін де солай шығар. Бірақ бұл арада кері байланыс деген жоқ. Ал біз кез келген қоғам үшін маңызды мәселелердің қарастырылу процесі ашық болғанын, қойылған сұраққа нақты, дәйекті жауап берілгенін, әрбір азамат болып жатқан жайды түсінетініндей болғанын қалаймыз, – дейді ол аталған жобаға қатысты „Казправда„ басылымына берген жуырдағы сұхбатында.

Қоғамдық талқы орнынан bnews.kz порталы тікелей репортаж жүргізетін болады.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз