Павлодар қаласының тұрғыны сұлулық салонында лазерлік косметологиялық процедура жасату кезінде термиялық күйік алған. Медициналық құжаттар оның терісі зақымданғанын растаған. Ал салон әкімшілігі клиенттің келісімшартты бұзу туралы талабын бірден орындамаған.
Қала тұрғыны сұлулық студияларының бірінен 132 мың теңгеге лазерлік косметология қызметтерінің пакетін сатып алған. Алайда процедура кезінде оның терісі күйіп, медициналық көмекке жүгінуге мәжбүр болған.
Алайда салон әкімшілігі келісімшартты бұзу туралы талапты қанағаттандырудан бас тартқан. Осыдан кейін әйелге Павлодар облысының Сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің мамандары көмек көрсеткен.
«Салон клиенттің келісімшартты бұзу туралы талабын қанағаттандырудан бас тартты. Біздің мамандар оған құқықтық көмек көрсетіп, туындаған дауды реттеуге жәрдемдесті», – деп хабарлады ведомство өкілдері.
Нәтижесінде екі тарап өзара келісімге келіп, салон клиентке пайдаланылмаған қызметтер үшін талап еткен 127 мың теңгесін қайтарып берген.
Осы жағдайға байланысты департамент тұрғындарға косметологиялық қызметтерді таңдағанда мұқият болуға кеңес берді. Мамандар қызметтің шарттарын алдын ала зерделеп, салон туралы ақпаратты тексерудің маңызын еске салды.