Қазақ көркем гимнастикасының қарлығашы атанған Әлия Юсупова күйеуімен айырылысып кеткенін мәлімдеді. Осы уақытқа дейін ешкімге сырын ашпаған ол Vesti.kz порталына берген сұхбатында ағынан жарылды.
«Жеке өмірім жайында айтып, күйеуім туралы әңгіме еш уақытта қозғаған емеспін. Өйткені ол жеке өзіме тиесілі. Бірақ алдағы уақытта қозғамау үшін нүкте қойғым келіп отыр.
https://kaz.365info.kz/kestemen-zhyredi-khajrat-nyrtas-balalarynyn-telefon-kharauga-uakhyty-zhokh-ekenin-ajtty-309570
Екі жыл бұрын күйеуім екеуміз ресми түрде ажырасып кеткенбіз. Ол Рио олимпиадасы қарсаңында болған еді. Бірақ менің отбасылық мәселем спортқа еш кесірін тигізген емес.
Отбасылық проблемам үшін өз-өзімді тастауға болмайтын еді. Өйткені артымда екі балам және Қазақстанның бүкіл гимнастикасы тұрды.
Әр оқушы менің көмегіме мұқтаж еді. Сол себептен өзімді қолға алуыма тура келді. Қазір оның басқа отбасы, баласы бар», – дейді Әлия.
Айта кетелік, Әлия Юсупованың экс-күйеуі Нұржан Әлтаев үйленген кезде „Оңтүстік„ әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясының құқықтық қамтамасыз ету департаментінің директоры болған. Мамандығы заңгер. Олар үйленер кезде Елбасының қабылдауында болған. Елбасы жас жұпқа көлік кілтін сыйлаған.
https://kaz.365info.kz/akhbotaga-obal-tanymal-aktrisa-dauren-ajdarkhylovtyn-ashynasy-bolgysy-keletinin-ashykh-ajtty-309334
Еске салайық, үлкен спорттан кеткелі бері Әлия Юсупова Шымкенттегі көркем гимнастика мектебінде басшылық етіп отыр.
Айта кетелік, 2009 жылы үйленген кезде Әлия Юсупова мен оның болашақ күйеуі Елбасының қабылдауында болған еді. Елбасы жас жұпқа көліктің кілтін сыйға тартқан. Спортшы қыздың бұрынғы күйеуі Нұржан Әлтаев үйленген кезде „Оңтүстік„ Әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясының құқықтық қамту департаментінің директоры болған, мамандығы заңгер.
Дерек көз:Sn.kz.