Нұр-Сұлтан
Қазір
10
Ертең
13
USD
447
-0.91
EUR
476
-2.17
RUB
4.79
+0.03

Жер дауына қатысты байланыс орталығына 12 458 қоңырау келіп түсті – вице-министр

103

Шетелдiктерге жердi жалға беру, қазақстандықтарға жеке меншiкке беру, тағы да басқа жерге қатысты сұрақтарға қатысты 555 қоңырау шалынған, яғни, жалпы сауалдың – 4,4 пайызы, – деп хабарлады Ерлан Нысанбаев.

Өңiрлер бойынша ең көп сауал Оңтүстiк Қазақстан облысынан түскен – 17,6 пайыз. Сондай-ақ, Павлодар облысынан 10,3 пайыз қоңырау шалынған.

«Ал қалған 2337 қоңырау әр түрлi азаматтардың өзiнiң жеке мәселесiне байланысты. Call орталыққа Атырау облысынан небәрi 70 қоңырау шалынған. Оның iшiнде 55 қоңырау жеке тұрғын үй құрылысына байланысты. Бұдан басқа, жер реформасына байланысты Jerturaly.kz сайты жұмыс iстеп жатыр», – дедi ол.

Бұл сайтқа бүгiнгi күнге дейiн 947 сұрақ келiп түскен. Оның 756-сына тиiстi жауаптар дайындалып, сайтқа орналастырылды. Ал қалған 191 сұрақ бойынша бүгiнде жауаптар әзiрленiп жатыр.

– Сұрақтарға талдау жасасақ, жеке тұрғын үй құрылысы жерiне байланысты 114, ауыл шаруашылығына қатысты 357, шетелдiктерге ауыл шаруашылығы жерiн жалға беру мәселесi бойынша 176, басқа да сұрақтарға байланысты 300 хат келiп түстi.

Сонымен бiрге, облыстық әкiмдiктердiң қоғамдық кеңестерi комиссияның өңiрлерге филиалы ретiнде тиiстi жұмыс iстеп жатыр. Қоғамдық кеңестер халықпен облыс, аудан деңгейiнде барлығы 1200-ден астам кездесу өткiздi. Кездесуге барлығы 70 мыңнан астам адам қатысты, – дедi вице-министр.

Айта кетсек, бүгiн Халел Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінде ҚР Премьер-министрінің орынбасары – ауыл шаруашылығы министрі Асқар Мырзахметовтың төрағалығымен Жер реформасы жөнiндегi комиссия мүшелерінiң Атырау облысы халқымен кездесуi өтiп жатыр. Сегiзiншi отырысқа комиссияның 25 мүшесi қатысып отыр.

Еске сала кетсек, бұған дейiн комиссияның Астанада төрт, ал үш көшпелi отырысы Ақмола, Алматы және Қызылорда облыстарында өткен болатын.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз