Нұр-Сұлтан
Қазір
-3
Ертең
11
USD
432
+2.31
EUR
506
+3.43
RUB
5.52
+0.10

“Топас”, “салақ”, “басы істемейді”. Білім министрлігі жетім балаларды тағы қалай кемсітеді?

3Ол ол ма? Хобби деген графаға «қолынан еш нәрсе келмейді» деп жазып қойыпты. Деректер қорын дұрыс тексермей, осындай масқаралыққа, кемсітушілікке жол берген Білім министрлігі де, жетімдер үйінде балаларды бағып отырған «педагогсымақтар» да кінәлі деп санаймын.

Себебі, кішкентай бала деп, туған-туысқаны жоқ деп, оның ар-намысына келетін сөздерді бүкіл жұртқа жайып салу – барып тұрған қылмыс. Басқаша атауға да сөзім жоқ. Әлеуметтік желілерде басы дауға қалған ведомствоның атынан министрдің кеңесшісі Балия Әкімбекова ақталып, кемшілікті түзетуге уәде берді.

Ал балаларды қорлаған «басы істемейтін» педагогтарға қандай жаза қолданылатыны туралы тіс жармады. Меніңше, оларды жұмыстан қуып қана қоймай, темір тордың ар жағына жіберу керек. Себебі мұндай педагогтар баланың психологиясын бұзып, тұлға болып қалыптасуын тежейтіні анық.

Айта кетейік, бүгінде елімізде жетім не ата-ана қамқорлығынсыз қалған 29 666 бала тіркелген екен. Олардың 8 мыңнан астамы жетімдер үйінде тәрбиеленуде. Алғашқы сатыда жаңа жүйеге дәл осы топтағы балалар енгізілген болатын.  

Қуаныш Есқабыл

Серіктестер жаңалықтары
Көп қаралған
© «365 Info», 2014–2020 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз