Нұр-Сұлтан
Қазір
6
Ертең
6
USD
445
-1.34
EUR
474
-1.25
RUB
4.76
-0.02

Түркияда әскери төңкеріс жасалмақ болды. Бүлікте әскери әуе күштері мен жандармерия тізе қосқан

РИА Новости ақпарат агенттігі Түркия қорғанысының бас штабы елдегі билік бүлікшілердің қолына өткенін мәлімдеді.

Барлау қызметінің мәліметінше, бүлікте Түркияның әуе күштері мен жандармерия тізе қосқан.

Соңғы келіп түскен деректер бойынша, Ыстамбұлда әскери төңкеріс жасамақ болған 600 адам ұсталған. Осылайша Ыстамбұлдағы бүлікшілердің беті қайтарылды.

Түркияның Премьер-министрі төңкеріс жасауды ұйымдастырғандардың көзі жойылғанын мәлімдеді.

Түркия президенті Ыстамбұлда әскери командирлерге қарата айтқан сөзінде елдегі қауіпсіздіктің кепілі нақ солар екенін еске салды. Бұл туралы life.ru жергілікті БАҚ-қа сілтеме жасап хабарлады.

– Барша әскери командирге айтарым – мен сіздерге сенемін. Түрік халқының қауіпсіздігіне сіздер жауаптысыздар. Әскери төңкеріс жасауға әрекет еткендер сіздердің жолдастарыңыз еді, өкінішке қарай олар тура жолдан тайды. Олар тапсырманы Пенсильваниядан алған,- деп мәлімдеді ол.

Бүлікшілер Түркия президенті Ердоғанның Анкарадағы резиденциясын да әуеден атқылаған.

Жергілікті БАҚ келтірген деректерге сүйенсек, төңкеріс жасауды ұйымдастырушы басты тұлғаның бірі Түркияның бас штабының құқық бойынша бұрынғы кеңесшісі, полковник Мұхар Көсе көрінеді.

Қазір Түркияда әскери жағдай енгізіліп, комендаттық сағат жүріп жатыр. Түрік әскерилері Босфор бұғазы арқылы өтетін қос көпірді де жауып тастаған. Түркияның әлеуметтік желілері де істен шыққан.

Еске сала кетелік, Түркияда 16-шілденің түнінде әскери төңкеріс жасалмақ болды. Ең алғашқы оқ атылғаны туралы ақпарат Астана уақытымен 01.00 уақытында тіркелген. Ел астанасы төбесінен әскери атқыш ұшақтар мен тікұшақтар көрінген.

Ыстамбұлдың азиялық бөлігінен батысқа шығатын Босфор көпірі жабылып, бүкіл қозғалыс тоқтаған. Өйткені сол көпірдің екі жағында да әскери техника қаптап тұр. Түркияның мыңдаған халқы да бүлікшілердің бетін қайтару үшін өз бетімен көшеге шыққан.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз