Қазақстандық сейсмологтар Шығыс Қазақстан облысында жер сілкінісін тіркеді.
«Геофизикалық зерттеулер институты» РМК мәліметтер орталығының ақпаратынша, 2016 жылы 6 тамызда Астана уақытымен сағат 22:29 Зайсан қаласынан батысқа қарай 33 км., Ақжар қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 34км жерде жер сілкінісі болды», – делінген Қазақстандық ұлттық мәліметтер орталығының хабарламасында.