Нұр-Сұлтан
Қазір
5
Ертең
3
USD
424
+1.83
EUR
497
+0.08
RUB
5.57
+0.04

Шығыс Қазақстан облысының Ақсуат ауылында жаңа саябақ пен субұрқақ ашылды

Бұл туралы 24.kz хабарлады.

Саяқбақтың сәнін жаңадан іске қосылған субұрқақ келтіріп тұр. Оны әуезді субұрқақ деп айтса да болады. Өйткені ол классикадан бастап эстрадалық, дәстүрлі музыкалар әуеніне қарай бейімделіп, атқылайды.

Саябақты жергілікті тұрғындар береке мен бірлік мекені дейді. Өйткені Ақсуат тұрғындары жаңа нысанды көркейтуге мейлінше ат салысып, бірі көшет отырғызса, бірі қоршауларын сырлады. Болашақта осы маңда ұлттық сусындар сататын киіз үй тігілмек.
Тәуелсіздіктің мерейтойына арналған тура осындай саябақ пен субұрқақ ірі елді мекен Ақжар ауылында да пайдалануға берілді.

Ділдәбек Оразбаев, Тарбағатай ауданының әкімі:

– Осы парк бізге жобалық сметалық құжат бойынша 25 миллион теңгеге түссе, біз осыны 7-8 миллион теңгенің төңірегінде бітіріп алдық. Себебі біз тек қана құрылыс материалдарын сатып алдық, қалғанын бәрін осы халықтың ауызбіршілігі, ынтымағымен бітіріп, пайдалануға беріліп отыр. Бұл аудан орталығындағы салынған 3-ші саябақ. Енді қазір 4-ші саябақты бастап жатырмыз.

Серіктестер жаңалықтары
Көп қаралған
© «365 Info», 2014–2020 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз