Нұр-Сұлтан
Қазір
8
Ертең
10
USD
444
-0.47
EUR
475
+0.97
RUB
4.8
+0.04

“Сен – жолың болмаған лохсың…”. Садық Шерімбек шымбайға батырып айтты

290

Шыны керек, екі қоғамдағы әңгіменің арасымен өтіп көрген соң, менде абсурд болды. Ол сәтті ешкім түсінбейді. Оны жай ғана сезіну керек.

Егер, біздің қоғамның стандартымен, ойлау шеңберімен қалып кететін болсаңыз, тура баяғы әңгімелерден аспайсыз.

Катастрофа

Бізде қазір әдебиетте де, поэзияда да, кинода да болып жатқан катастрофа -тақырып жоқ.

Тақырып мынау ғана: ауылдан келеді немесе ауылға барады. Кинолардың бәрі солай.

Әдебиетте де. Мұны біз аграрлық әдебиет деп атаймыз. Кеңес өкіметінде ауыл туралы әңгіме өте көп жазылды. Себебі, олар үшін қазақтардың ауылда қалып, мал бағып қалуы тиімді еді. Сол үшін біздің әдебиет кеңестік пропагандаға керемет қызмет етті.

Бізге ауыл деген кәдімгідей романтика. Әрине ауылды жақсы көреміз ғой. Бірақ, мына нәрсені түсінуіміз керек.

Бізде былай да, әбден әдебиетті сіңіріп алған бір жігіт,  “Қой, мен кеттім ауылдан” дейді да қалаға кетеді. Қалаға келеді, жұмыс іздеуге тырысады. Бір жерге ұрынады. Екі-үш ай жүргеннен кейін ауылды сағындым дейді.

Түсінесіз бе, бұл дұрыс емес. Бізде, әдебиет солай істеп қойған. Қалаға келіп жетістікке жетпесеңіз, ауылға сүмірейіп қайтып бару романтика болып саналады. Қаһармандық! Ауылға келдім мен. Ауылдың топырағына ештеңе жетпейді екен ғой дейді.

Оған шын мәнінде “ей, черт” деу керек. “Сен жолың болмаған лохсың”  деу керек. Сен қалаға  келдің бе, білім алып, жұмыс істеп бір жетістікке жетуің керек қой. Ауылға барғанда не істейді? Барған соң, бағанағы ауылымның топырағы деген бос әңгіме боп қалады. Топырақтан бөлек сиырдың тезегі, қойдың құмалағы деген нәрселер бар ғой…

Аграрлық әдебиеттің айтары осы. Жазушылардың жазатындары осындай стандартты нәрсе.
https://kaz.365info.kz/en-zhagympaz-deputat-nazarbaevtyn-esimin-konstitutsiyaga-kirgizbek-305536

Дым пайда жоқ

 Біз мына нәрсені түсінуіміз керек. Қазақ тіліне қатысты айтып отырмын.

Біздің тіліміз өте әмбебап тіл негізі. Біздің қазақ тілі – көне түркі тілінің тікелей мұрагері. Біз қара шаңырақта отырған ұлтпыз. 200 млн. түркі халықтары болса, барлығы түркі халықтары бір тілдің диалектілерінде сөйлейді.

Қырғызды түсінеміз, өзбек,түрік, әзірбайжанды түсінеміз. Демек, біз оны басқа тіл деп айта алмаймыз. Жай ғана бір тілдің диалектілері деп қана қарастыруымыз керек.

Сондықтан, қазақ тілі қара шаңырақта отырған халықтың тілі болғаннан кейін, бүкіл түркі әлемінің байланыстырушы күші болу керек.

Қайталап айтам, бізге бір ағылшынның, қара нәсілді жігіттің,  яки бір еуропалықтың қазақша сөйлегенінен дым пайда жоқ.

Ол тотықұсқа бәленше деп айт немесе маймылға қолыңды көтер деген сияқты нәрсе.
https://kaz.365info.kz/khozyp-ketem-sakhaldy-zhigit-zholdybaevany-korgende-napsisine-ie-bola-almaj-khalatynyn-ajtty-297299

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз