Нұр-Сұлтан
Қазір
-26
Ертең
-26
USD
521
0.00
EUR
610
0.00
RUB
6.68
0.00

Астанада көзіне ота жасатқан әйел жұмбақ жағдайда көз жұмды

Марқұмның қыздары анасының өліміне ақ халаттылардың салғырттығы себеп болды деп есептейді. Олар сараптаманың науқас жүрек жеткіліксіздігінен көз жұмды деген қорытындысымен мүлдем келіспейді. Себебі ота алдында тапсырылған медициналық сараптама нәтижелері таза болып, бұған дейін аналары жүрек ауруына шағымданбаған. Сонымен қатар құжаттарда қайтыс болған уақыттың әртүрлі көрсетілуі туыстарының күдігін одан сайын күшейтіп отыр.

«Қағаздың өзінде биологиялық өлім 16 сағат 18 минутта тіркелді деп жазылған. Бірақ дәрігерлер бізге 17 сағат 11 минутта хабарласып, клиникалық өлім болғанын айтты. Құжаттарда екі түрлі уақыт көрсетілгендіктен, егер бұл медицина қызметкерлерінің кінәсі болса, олардың тиісті жазасын алғанын қалаймыз», – деді марқұмның қызы Әмина Әкімханова.

Клиника басшылығы хирургиялық кезеңнің ешқандай асқынусыз, жоспарға сай өткенін алға тартады. Олар жағдайға байланысты барлық медициналық құжаттарды құқық қорғау органдарына тапсырған.

«Операциядан кейін науқастың жағдайы күрт нашарлап, жедел жәрдем шақырылды. Науқас теміржол ауруханасына жеткізілгендіктен, өлім себебін біз анықтай алмаймыз. Қайтыс болу фактісі біздің аумақта тіркелген жоқ», – деді клиника директоры Ақмарал Ағелеуова.

Арада үш ай уақыт өтсе де, аталған медициналық мекемеде ешқандай тексеру жұмыстары жүргізілмеген. Қазіргі таңда марқұмның артында үш баласы, оның ішінде ерекше күтімді қажет ететін үш жастағы ұлы қалды.

Серіктестер жаңалықтары
Көп қаралған
© «365 Info», 2014–2026 [email protected], +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз