Нұр-Сұлтан
Қазір
-29
Ертең
-27
USD
521
0.00
EUR
610
0.00
RUB
6.68
0.00

Сапасыз протез үшін шымкенттік 2 миллион теңгеден астам ақша өндіріп алды

Әйел 12 жылдан астам уақыт бойы жауапкерден аяқ протезін алып келген. Алайда 2025 жылы берілген негізгі протез бен қосымша протез екі айдың ішінде жарамсыз болып қалған. Соның салдарынан денсаулығына зиян келіп, еркін қозғалудан қалған.

«Сот талап-арызды ішінара қанағаттандырды. Талапкердің алдағы уақытта толыққанды өмір сүруі үшін сапалы протез сатып алуы қажет екенін ескере отырып, 1 064 000 теңге көлемінде материалдық шығын өндірілді. Сондай-ақ көрсетілген жағдайлардың салдарынан талапкер күйзеліс, жабырқау және жайсыздық сезімдерін бастан өткергенін ескерді», — деп хабарлады Шымкент қалалық сотының баспасөз қызметі.

Сөйтіп сот бірлестікті талапкердің пайдасына тағы 1 000 000 теңге көлемінде моральдық зиян үшін өтемақы төлеуге міндеттеді.

Серіктестер жаңалықтары
Көп қаралған
© «365 Info», 2014–2026 [email protected], +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз