Нұр-Сұлтан
Қазір
-9
Ертең
-20
USD
521
0.00
EUR
610
0.00
RUB
6.68
0.00

Енді көліктің нөміріне қарай көшеге шығу шектеледі

Тәртіпті енгізу-енгізбеу мәселесін әкімдік пен мәслихат шешеді. Ал Алматы әкімдігі қалада ауаны қорғау ережесі 2 ай бұрын ғана қабылданғанын, онда көліктердің нөміріне қарай қозғалысын шектеу көзделмегенін мәлімдеді. Бірақ шаһарға кіретін ескі көліктерге ақша төлету жоспарда бар.

«Бірақ оны біз 2029 жылы іске асыруды көздеп отырмыз. Қазір ереже пилоттық жоба ретінде 1 жыл, одан кейін 2027 жылы нормаға сай келмейтін автокөліктерге тыйым салынады. Одан кейін, нормаға келмейтіндерге шара қолдану жалғасады, сонымен қоса ескі көліктерге ақылы қатынау енгізіледі», – дейді «ЭКО АЛМАТЫ» ЖШС бөлім басшысы Айдана Қасен.

Ұлттық статистика бюросының дерегінше, Қазақстанда жалпы көлік саны 6 миллионға жуықтаған. Соның 4 миллион 900 мыңы жеңіл машина. Басым бөлігі Алматы мен Астанада тіркелген.

Серіктестер жаңалықтары
Көп қаралған
© «365 Info», 2014–2026 [email protected], +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз