Нұр-Сұлтан
Қазір
9
Ертең
10
USD
422
+0.82
EUR
497
-1.77
RUB
5.53
-0.07

Ресейлік зымыран-тасығыштар құлаған ауданның тұрғындарына атаулы жәрдемақы берілмек

Альберт Рау “Байқоңыр” ғарыш айлағынан ұшып шыққан “Союз” зымыран-тасығышынан бөлініп түскен қалдықтарға жер телімін ұсыну туралы ресейлік тараппен жасалған келісім бойынша Парламентте жұмыс атқарылып жатыр деп мәлімдеген.

– Бұл арада қалдықтың түсу траекториясының өзгеруі туралы сөз болуда. Кезінде олар Жезқазған жаққа құлайтын, ал енді болашақта Ақтөбе облысының Ырғыз ауданы мен Қостанай облысының Жангелді ауданына құлауы мүмкін. Бұл мақсатқа небәрі 63 гектар жер телімі бөлінеді: 22 гектар Ақтөбе өңірінен, 41 гектар Қостанай жақтан, – деді Алберт Рау.

Жер телімін зымыран-тасығыштардың құлауына пайдаланғаны үшін ресейлік тарап жылына 460 мың доллар төлемек. Онда да оның үштен бір бөлігі, яғни 103 мың доллар Ақтөбе облысы Ырғыз ауданының бюджетіне кетеді. Ал 357 мың доллары Қостанай облысының Жангелді ауданына тиесілі.

– Мен депутаттардың сауалына байланысты екі облыс басшысына хат жаздым. Олар бұл ақшалардың игерусіз жатпайтындығына уәде берді. Бұл табыс ақша болғандықтан әлеуметтік бағытқа салынады. Картаға қарадық, ол арада елді-мекендер көп емес, сондықтан бұл ауданда тұратын тұрғындар жақсы жәрдемақыға ие бола алады”, – дейді вице-министр.

Серіктестер жаңалықтары
Көп қаралған
© «365 Info», 2014–2020 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз