Нұр-Сұлтан
Қазір
-4
Ертең
-10
USD
495
-0.33
EUR
521
-1.69
RUB
4.91
-0.03

Президент қазақ тіліне аударылған 100 кітаптың маңыздылығы жайлы айтты

180

Мемлекет басшысы бұл кітаптарды өзі оқығанда қолға тимеген құндылық екенін атап өтті.

“Президент болып қызмет еткен жылдары соның бәрімен біліп-таныстық. Ғылым салалалары, психология, тілдің тарихы жөнінен біз еш уақытта танысқан емеспіз. Қазір ағылшын тілінде жастарымыз оқыған шығар. Бірақ қазақтың баласы таныспаған. Бір жағынан қазақ тілін байытып, екінші жағынан білімді одан әрі тереңдетеміз деген үмітіміз бар”, — деді Елбасы.

Айта кетсек, Нұрсұлтан Назарбаевтың “Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру” атты бағдарламалық мақаласының жарияланғанына бір жыл болды. Осы мақалада президент әлемдегі ең үздік жүз кітапты қазақ тіліне аударуды тапсырған еді.

Бүгінде алғашқы 18 кітап пен оқу құралы жарыққа шығып отыр. Оқулықтар философия, әлеуметтану, психология, тіл білімі, экономика, менеджмент, дінтану, антропология, журналистика бағыттары бойынша аударылған.

Оқулықтардың әрқайсысы 10 мың данамен басылып, алдағы бір айда жоғары оқу орындары мен кітапханаларға тегін таратылмақ.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз