Жетісу облысында балаға қатыгездік көрсету ісі бойынша сот шешімі шықты. Панфилов аудандық соты 4 жастағы ұлын соққыға жықты деп айыпталған 28 жастағы әйелге қатысты материалдарды қарады.
Еске салайық, Жаркентте әйел баласын батареяға байлап, ұрған. Қылмыстық іс қозғалғаннан кейін сот-психиатриялық сараптама тағайындалды. Мамандар әйелге мінез-құлқында айқын бұзылыстары бар жеңіл ақыл-ой кемістігі диагнозы қойылғанын анықтады. Сарапшылар оқиға кезінде оның өз әрекеттерінің мәнін түсінбегенін әрі оларды басқаруға қабілетсіз болғанын қорытындылады.