Нұр-Сұлтан
Қазір
-2
Ертең
-10
USD
521
0.00
EUR
610
0.00
RUB
6.68
0.00

Фермер Жәнібек Кенжебаев сиыр етінің келісін 10-12 мың теңгеден сатуды ұсынды

Мал шаруашылығы қауымдастығы төрағасы Жәнібек Кенжебаевтің айтуынша, мал өсірушінің шығыны жыл сайын артып келеді. Жем-шөп, жанар-жағармай, электр энергиясы, логистика – барлығы қымбат. Тіпті малшы табудың өзі мұң. Бүгінде тәжірибелі бақташы кемі 500 мың теңге сұрайды. Арзан ет – өндірушіге тиімсіз. Баға төмен болған сайын халық қуануы мүмкін. Бірақ оның зардабы тереңде жатыр дейді сарапшы.

«Сиыр еті кемі 10-12 мың теңге болуы керек. Бірақ бізде балама бар – қой еті, жылқы еті. Жылқы етінің бағасы көп өскен жоқ. Сондықтан бүгінде кем дегенде 15 пайызға жоғары болуы тиіс. Өйткені жылқы еті экспортқа шықпайды. Ал қой еті 7,5 мыңға жуық болғаны абзал», – дейді мал шаруашылығы қауымдастығының төрағасы Жәнібек Кенжебаев.

Қымбатшылықтан көз ашпай келе жатқан халық та еттің бағасының мұншалықты өсуін дұрыс емес деп санайды. Алайда шаруалардың еңбегін де жоққа шығарғысы келмейді.

«Әрине, қымбат болса болмайды ғой. Бірақ бір жағынан фермерлерді де түсінуге болады. Бәрі қымбаттап жатыр қазір», «Дұрыс емес. Халықтың қалтасы көтермейді ғой ондай ақшаны», «Қымбаттағанға әрине, қарсымын. Бірақ фермерлердің жағдайын да түсінемін», – дейді қазақстандықтар.

Қазақстан фермерлер қауымдастығы өкілдері де әріптесін қолдайды.Сарапшының сөзінше, сиыр етінің келісі кемінде 4500-5000 теңге болуы тиіс. Сондай-ақ, арадағы алып сатарларды жоймай бағаны төмендету мүмкін емес деп отыр.

«Былтыр баға өсті. Содан кейін шарықтап кеткен жоқ. Бір деңгейге келді де, тұрды. Өйткені халықтың ақшасы көтермейді. Біз оны түсініп отырмыз. Әрине, халыққа арзан керек. Бірақ ең бастысы – фермерді де ойлау керек. Неге олар өндірген өнімін тегін беруі тиіс», – дейді «Қазақстан фермерлер қауымдастығы» басқарма төрағасының орынбасары Ермек Әбуов.

Салада өзгеріс бар. Мемлекет субсидияны қысқартып, жеңілдетілген несиеге көшіп жатыр. Өйткені былтыр 2 миллионға жуық жалған мал тіркелгені анықталған еді.

Серіктестер жаңалықтары
Көп қаралған
© «365 Info», 2014–2026 [email protected], +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз