Нұр-Сұлтан
Қазір
-6
Ертең
-11
USD
499
+3.47
EUR
520
-0.93
RUB
4.85
-0.06

“Өлем дейді…”. 15 жасында күйеуге тиген келіншек отбасында көрген азабын айтты

454

Алайда қазір үш баласының қатал әкенің қолында қалып қойғаны үшін қатты уайымдап, әділдік таба алмай жүр.

Ардақты бір кездері қайын жұрты барлық жағдайын жасайтынын айтып, тұрмысқа шығуға күштеп көндірген екен.

Бұл туралы келіншек “Алматы” телеарнасына берген сұқбатында айтты.

«Ойбай, үндеме…». Мәдина өзін құшақтаған жігіт туралы күйеуі не ойлайтынын айтты (видео)

Ардақ Әбдіғалиева кәмелетке толмаған кезінде, яғни 15 жасында тұрмысқа шыққан. Бұл қадамға баруына 19 жастағы болашақ жарының:”Маған әйел болмасаң, өзіме қол саламын” деген сөздері себеп болған. Ал қайын атасы мен енесі қызды оқытып, барлық жағдайын жасайтынын айтып сендірген. Бірақ жеме-жемге келгенде мұның бәрі құр сөз күйінде қалған.

“Олардың сөзіне сеніп, міне 12 жыл өмірім тозаққа айналды” деп қынжылады Ардақ.

Осы уақыт ішінде жұбайы рұқсатсыз далаға шығуға және оқу орнында білім алуға тыйым салған.

«Түрсиге дейін алдырған…». Жамбылда жас қыз бір еркекті оңбай «лақтырды» (видео)

Мұндай қиындыққа шыдамаған соң әйел арада үш баласының бар екеніне қарамастан заң жүзінде ажырасады. Айтуынша, сот балаларды қатал әкенің қамқорлығында қалдыруды жөн көрген.

“Мен олардың психологиялық денсаулықтары үшін алаңдаймын. Өйткені балаларым біздің айқайымыздың барлығын естіп өсті. У-шудан қорқып, бұрышқа тығылып қалатын. Мен шаршадым. Басқалар секілді білім алып, басқалармен қатар өмір сүргім келді”, — деп күрсінді Ардақ Әбдіғалиева.

«Мен ондай емеспін!..». Өзінен 14 жас кіші жігітке тиген келіншек ашынып кетті (видео)

Мамандардың айтуынша,

балалар қолында тұрғанда психикасы тұрақсыз еркек ажырасқан әйелін бопсалап, мазалай беруі ықтимал. Мұның арты біреуінің зардап шегуіне әкеліп соғуы әбден ықтимал.

“НеМолчи” қозғалысының жетекшісі Дина Смаилованың мәліметінше, биыл Қазақстанда тоғыз айда 914 нәзік жанды зорланған. Ал соңғы үш жылда зорлау фактісі бойынша 5 мыңнан артық қылмыстық іс қозғалған. Осы зорлық-зомбылықпен байланысты жағдайға шыдамай биыл 91 ер бала, 43 қыз бала өзіне қол салған.

«Алып барды…». Өлуін күтіп жүрген науқас келіншек бір ғажайыптың болғанын айтты

 

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз