Нұр-Сұлтан
Қазір
-7
Ертең
-12
USD
499
+3.47
EUR
520
-0.93
RUB
4.85
-0.06

“Мен ондай емеспін!..”. Өзінен 14 жас кіші жігітке тиген келіншек ашынып кетті (видео)

6583

Жасы да, дене бітімі де ірі әйелді жас бала неге алды деген сұраққа жауап іздеген желідегі қауым түрлі болжамды алға тартты. Ішінде жаңадан шаңырақ көтеріп, енді ғана бас қосқан жұптың шымбайына бататын сөздер де көп болды. Шыдамады, әрине.

Өзінен 18 жас кіші жігітке тұрмысқа шыққан келіншек өзінің бар шындығын көпке жария етті деп жазады NUR.KZ.

Қанатгүл Байқұлова − Түркістан облысындағы Кентау қаласының 1977 жылы туған тұрғыны.

Ол шаһардағы балабақшалардың бірінде тәрбиеші болып жұмыс істейді екен.

Келіншек 17 қараша күні өзінің ғашығы Абдолламен шаңырақ көтерген. Сөйтсе жұбайымен жас аралығы жұрт айтқандай 18 не 20 жас емес, 14 жас боп шықты.

«Алып барды…». Өлуін күтіп жүрген науқас келіншек бір ғажайыптың болғанын айтты

«Жолдасым 1991 жылы туылған, қарапайым отбасында өскен, өте тәрбиелі азамат. Біз әлеуметтік желі арқылы жарты жыл бұрын танысқанбыз. Алғашқыда онымен жай дос ретінде сөйлестім. Бірақ Абдолла маған үйленгісі келетінін, отбасы болуға ниетті екенін айтып жүрді», − дейді әйел.

Қанатгүл осыған дейін тұрмыс құрмаса да, егіз балалары бар екенін жасырмайды. Бүгінде сегіз жасқа келген қос перзенті Абдолланы «әке» деп атап, жандарына жақын тартады екен.

«Абдолла кішкентайынан әкесіз өскен. Өзі жетімдіктің дәмін татқан соң, менің балаларыма қамқор болғысы келді, оларға қиындық көрсетпей өсіргісі келді. Қазір толыққанды отбасымыз бар, өте бақыттымыз», − дейді ол.

Келіншектің сөзіне сүйенсек, ол алғашында үйлену тойын жасауға қарсы болған. Тек құдалық өткізіп, некесін қидыру жеткілікті деп санапты.

«Өкірді…». Түркістандық емші бес жасар қыздың бойынан жынды қалай шығарғанын айтып берді

«Мен той жасағым келмеді. Бірақ Абдолла «ақ көйлек кию − әрбір қалыңдықты арманы ғой» деп, мені көндірді.

Екеуміздің де туыстарымыз отбасын құруға қарсылық танытқан жоқ. Жолдасымның ата-әжесі құдалық жасап, қазақтың барлық жөн-жоралғысымен мені келін етіп түсірді», − деп ақтарылды Қанатгүл.

Сондай-ақ, ол әлеуметтік желілер мен БАҚ беттерінде өзі туралы жазып, тойларын сынап жатқандарға ренішін жеткізді. Айтуынша, ешбір адам басқа түскен тағдырын тілеп алмайды.

«Мен ешкімнің отбасын бұзып, күйеуін тартып алған жоқпын. Абдолла менімен байлық үшін үйленетіндей, соншалық дәулетті емеспін. Екеуміз де қарапайым өмір сүретін, жұмысы бар адамдармыз.

Күйеуге шықпай-ақ егіз бала туғанымда сыртымнан әңгіме еткендер көп болды. Осы тойдың да суреттерін таратып, дүйім жұртқа жария етіп жатқан адамдардың кім екенін ішім сезеді.

«Бұл қайткеніңіз?..». Қайрат Нұртас үшін бір қыз өзіне қол салып, өлмек болды

Бірақ бізді сынайтындар алдымен өздеріне қарап алсын. Әр адамның тағдыры әртүрлі.

Осыған дейін мені Абдолладай жақсы көріп, сыйлайтын адам кездескен емес. Оның түсінігі өте мол, қайырымды адам. Ең бастысы, біз өз бақытымыз үшін өмір сүреміз», − деп сөзін қорытты ол.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз