Нұр-Сұлтан
Қазір
20
Ертең
24
USD
447
-0.91
EUR
476
-2.17
RUB
4.79
+0.03

“Алып барды…”. Өлуін күтіп жүрген науқас келіншек бір ғажайыптың болғанын айтты

9422

Кеше ғана ешкімді көргісі келмей, бүк түсіп жатқан жерінен тұрып, бүгіндері ел қатарына қосылған Қарлығаш атынан кісі шошитын дертті жеңуге алдымен Алла, одан соң психолог көмектескенін қазір болған ортасында аңыздай қып айтады екен.

«…2014 жылдың қараша айы болатын. Ұйықтар алдында шомылып болып, сүртініп жатқан едім, төсімдегі бір түйінді байқап қалдым. Көлемі бұршақтай. Ұстап көрсем, кәдімгідей қолыма білініп тұр. Денемде мұндай жоқ еді бұрындары, жаңадан пайда болған бөтен нәрсе екені анық.

Негізі сол кезде аяғым ауыр болатын. Үлкендер «екіқабат кезде емшекке уыз жиналады» деп жатушы еді, «бәлкім жүктілікке байланысты шыққан болар» деп ойладым, әуелде. Алайда не нәрсе екеніне анық көзің жетпей тұрғандықтан, бір түрлі секем алып қалады екенсің.

«Қатерлі ісік емес пе?»деген жаман ой да болды. «Егер денеңнің бір жерінде без, түйін, ісік не артық ет өсіп шықса, онкологқа барып көріну керек» дегенді талай естігенім бар.

«Түрсиге дейін алдырған…». Жамбылда жас қыз бір еркекті оңбай «лақтырды» (видео)

Сол күннен бастап, қолым босай қалса, ғаламтордан қатерлі ісікке қатысты ақпараттарды ақтаруды шығардым. Бірақ, аяғым ауыр екенін ойлап, бұршақтай ғана түйінді жас-кәріңе қарамай жалмап жатқан обырға «қимадым», «қимадым» да, өзімді жұбаттым, «жұбаттым» деймін-ау, алдап жүріппін…

Сонымен не керек, ай-күнім жақындап, 2015-жылдың қаңтар айында босандым. Төсімдегі әлгі түйін білінбей кетті. «Еее, босқа қорқыппын ғой, уыз болған-ау» деп қатты қуандым. Алайда қуанышым ұзаққа бармады. Түйін арада үш айдай уақыт өткенде қайта біліне бастады. Дәрігерлерге қаралып едім, олар«Қатерлі ісіктің ІІІ-кезеңі» деген диагноз қойып, «тез арада ота жасатып, химиятерапия алмасаңыз болмайды» деген суық хабар жеткізді.

Жаман хабар, әлбетте жаман әсер етеді. Оның үстіне қатерлі ісіктен жазылудың екіталай екендігін және өлім-жітімнің көптігін білемін ғой, соларды ойлап, мен күндіз күлкіден, түнде ұйқыдан айрылдым.

«Мен ондай емеспін!..». Өзінен 14 жас кіші жігітке тиген келіншек ашынып кетті (видео)

Ата-енем, күйеуім «Олай болуы мүмкін емес. Сен әлі жассың. Оның үстіне кеше ғана босандың», деп өзіміздің дәрігерлерге онша сеніңкіремей, мені Ташкентке алып кетті. Ондағылар да бірінші қойылған диагнозды растады. Түйінді алғаш байқаған күннен бастап арада көп уақытты өлтіріп алыппын, ісік қолтығыма шауып кеткен екен.

Бірақ, үмітімді үзгім келмеді, дәрігерлер күнін белгілеп, төсім мен қолтығыма ота жасаттым. Оның артын ала бірінен кейін бірі 7-8 химиятерапия алдым. Алайда жазылып кетпедім.Ісік бауырыма, сүйегіме, кейін басыма шауып, метастаза басталып кетіпті…

Сол кезден бастап, мен сары уайымға салынып, күйзеліске ұшырап қалдым. Төсектен тұрмай, күні-түні бүк түсіп жатамын да қоямын. Өз-өзіме тығылып алып, жаман ойлардың шырмауына шырмалдым да қалдым. Ешкіммен сөйлескім келмейді.

Оны айтсыз, «суды ысырап қылауға менің құқым жоқ» деп, айлап жуынбай жатып алатынымды қайтерсіз? Үйдегі заттар өртеніп жата ма, сынып жата ма, маған бәрібір еді. Не күйге түскенімді сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес.

Денсаулығым өз алдына, күйзелісім ушығып, емделуге деген ынта-ықыласым жоғала бастады. Өйткені қанша химиятерапия, қанша ем-дом, оталар жасатып жатсам да ауру ошағы денеме жайыла берді емес пе. Барлығы 10-нан астам химиятерапия алыппын.

«Сәләфтәр әйелдерін жыныстық қатынас үшін ауыстырады» – бойжеткеннің бастан кешкені

Отбасым, туған-туыс пен жақындарымның тигізген көмектері шексіз. Бір күні қайынсіңілім: «Қалаға бір психолог келіпті, жүрші сөйлесші» деп, психологтың қабылдауына алып барды. Сөйтсем, Зарина Хантөре деген психолог екен. Сіздерге өтірік, маған шын, психологтың алғашқы қабылдауынан-ақ мен 180 градусқа өзгердім.

Шыны керек, үйде ешкіммен сөйлеспей жатып алатындай, бастапқыда, ол кісіге де жақ ашпадым. Зарина апай өте тәжірибелі маман екен, әйтеуір менің тіліме жан бітірді. Тіпті, қалай сыр ақтара бастағанымды өзім байқамай қалдым.

Екеуміз ұзақ сөйлестік. Сөйтіп, Зарина Хантөре бірінші қабылдауында-ақ мендегі сөніп бара жатқан отты қайта маздатты. Үмітімді үрлеп жақты. Мені ойлап, қатты қиналып жүрген жақындарым, күйеуім, балапандарым есіме түсіп, қорқынышты түстен шошып оянған адамдай тура сол бір сәтте ғана есімді жидым.

Зарина Хантөремен содан кейін де бірнеше рет кездестік. Ауыр дертке шалдыққан адам өзіне өзі көмектесіп, ауруды жеңуге тырыспаса, күреспесе, бойында сенім, ерік-жігер, өмірге құштарлық болмаса, үмітін балталап тастаса – өмір мен өлімнің арасы күн емес, сағат санап жақындай беретінін мен Зарина Хантөренің ақыл-кеңестері мен медитацияларынан кейін ғана ұқтым. Сөйтіп, менің өмірге деген құштарлығым оянып, өзімді мықтап қолға алдым, яғни «ауруды жеңемін» деген үлкен сенім пайда болды.

«Өкірді…». Түркістандық емші бес жасар қыздың бойынан жынды қалай шығарғанын айтып берді

Қазір менің анализдерімнің бәрі жақсы. Өзімді аурумын деп санамаймын. Тек ем-дом қабылдап жүрмін.

Ең бірінші Аллаға, екінші үнемі қолдау көрсетіп жүрген барша туған-туыстарым мен жақындарыма, содан кейін аурумен күресуге психологиялық тұрғыда үлкен көмек көрсетіп, бойыма күш-қайрат пен сенім ұялатқан, сол күш-қайрат пен сенімнің арқасында ауруды жеңуіме бірден-бір себепші болған Зарина Хантөреге және ақ халатты абзал жандарға алғысым шексіз!

Басымнан өткен оқиғамен бөлісуімнің себебі – жаман дертке шалдығып, шарасыз күй кешіпжүрген жандарға өзімше көмектесу. «Батпандап кірген ауру, мысқылдап шығады» әрине. Алайда еш мойымай,аурумен күресу керек екен.«Қайтсем де жеңемін!»,деп адам өзін қайрап, артының жақсы болатынына шынсенсе, ешкім күтпеген ғажайып болуы ғажап емес. Сенім – ең күшті қару! Соған анық көзім жетті.

Баршаңызға денсаулық, ұзақ өмір тілеймін!».

Жолаева Қарлығаш, Ақтау

Жазып алған: Ләззат Билан

«Шыңғырып жатыр». Көлік ішінде қыз зорламақ болған таксист ұсталды (видео)

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз