Нұр-Сұлтан
Қазір
2
Ертең
-3
USD
447
-1.37
EUR
482
-1.65
RUB
4.84
-0.02

“Өкірді…”. Түркістандық емші бес жасар қыздың бойынан жынды қалай шығарғанын айтып берді

2880

Ақсақал жынның қандай адамдарды иектейтінін, қандай жағдайда адам бойына ене алатынын айтты.

Рустамбек Бегметов көп жылдан бері адам бойындағы жынды шығарып, адамдарды түзу жолға салып келеді, деп жазады Sputnik.

Бүгінде жасы келген қария күш-қуатының бұрынғыдай емес, әлсіз екенін айтады. Сондықтан емделушілерді жарты күн ғана қабылдайды. Оған алыс-жақыннан келетін адамдар көп. Еліміздің солтүстік өңірінен де келіп қаралып жатады. Тіпті, Ресей, Қырғызстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Түркия елінен келіп емделгендер бар.

Ақсақалдың өзі емді Алла беретінін, ол тек себепші екенін айтады.

“Мен құдірет иесі емеспін. Мен тек сүре оқып, Алланың қалауымен емдеймін. Бұл қасиет маған бабаларымнан қонған. Мен тек себепшімін, ем Алладан келеді”, – дейді ақсақал.

Айтуынша, жын адам бойына лас жүргендіктен, лас жерде жүргендіктен, арақ ішіп, шылым шеккенде немесе біреулер әдейі дуалағанда кіреді.

Одан сақтану үшін адам баласы таза жолда жүріп, сүрелер оқуды әдет ету керек.

“Леңгір қаласынан туыстары 5 жасар қызды әкелді. Ішіндегі жынды шығару оңай болған жоқ.

5 жасар қыздың өзіне алып денелі 4-5 жігіттің шамасы келмеді. Өкіріп, жігіттердің бірін әрі қарай құлатып жіберді.

Жынмен сүрелерді оқыған кезде сөйлесе алам. Қызға бұрын тұрған үйдегі жын кірген. Ол үй лас болған екен”, – дейді ақсақал.

Емшінің алдына арақ арқылы бойына жын кіргендер де, біреудің дуасы арқылы жын кірген адамдар да келген. Олардың ішіндегі кей жынның күші көп болады. Адам бойында ұзақ жүрген сайын, жынды сыртқа шығару қиын болады. Адам жыннан арылған соң таза жолда жүрмесе, жын қайта иектей бастайды екен.

Рустамбек Бегметовтің айтуынша,

бойына жын кірген адам жақындарына өштесіп, жалғыз өзі жүргенде күліп не жылай беретін болады. Жалғыз қалғанды ұнатады. Мінезі өзгеріп, ашушаң бола бастайды.

Ақсақал, әдетте жынды Бақара сүресімен оқитынын айтты.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз