Нұр-Сұлтан
Қазір
-5
Ертең
-12
USD
495
-0.33
EUR
521
-1.69
RUB
4.91
-0.03

“Ол жақсы қыз…”. Байзақованың санын ұстап “шапқылаған” жігіттер ағынан жарылды

647

Атышулы арумен бір емес екі бірдей бейнебаян түсірген жігіттер “Ойбай Life” бағдарламасында елдің сынынан көз ашпаған сәттері жайлы айтып берді.

Жас жігіттер бейнебаяндағы кадрлардың барлығы тек жұмыс барысы екенін түсіндірді.

«Түрсиі де жоқ…». Асүйдегі келіншектің қылығы елді шошытты (фото)

“Бізді клип шықпай тұрып, психологиялық тұрғыдан дайындады. Расымен көп адам бізден теріс айналды. “Ағам” деп жүрген адамдардың жанымызда саусақпен санарлығы ғана қалды. Ол клиптің жұмыс екенін түсінгендер жанымызда қалды. Ал оны түсінбеген адамдар әлі ала көзбен қарап жүр”, – деген топ жігіттері өздерінің еш өзгермегенін мәлім етті.

“Бірақ біз ол оқиғадан өзгеріп кетпедік. Бұрын қандай болдық, әлі күнге сондаймыз. Мына кісі бізді ренжітті деп теріс айналмадық. Ешкімнің алдынан өтіп кетпедік. Бәрімен амандығымыз түзу”, – дейді “Ойбай life” бағдарламасына келген “Alem band” тобы.

Желіде жүкті Байзақованың ұятсыздау видеосы жүр екен (видео)

Айта кетейік, осыған дейін “Alem band” клип үшін ата-анасына тіл тигізген адамдарға жауап қайтарған болатын.

Сондай-ақ жас жігіттер Байзақованың өмірде мүлде бөлек қыз екенін мәлім етті.

„Байзақованы басқаларға қарағанда жақсы танимыз ғой. Бірге жүрдік. Кейбір қызда жоқ нәрсе ода бар. Не десеңіз? Ол маска кимейді. Өтірік елге ұнауға тырыспайды.

Ол қыздың қолынан ұстадым, санынан ұстадым (күледі). Ол жұмыс қой, өмірде ұстатпай қалсын. Өйткені талғамы бөлек, арманы басқа қыз ғой. Оған кез келгеннің қолы жетпейді. Менсінбеушілікпен қарамайды ол адамдарға.

Қазір көп қыз темекі шегіп, арақ ішеді. Бірақ ел алдында онысын жасырып, жақсы көрінеді. Ал Айжан оны жасырмайды, негізгі бүгінгі қыздар осындай, қабылдасаңыздар да осы, қабылдамасаңыздар да осы дейді. Өстіп шындықты айтқаны үшін жек көрінішті ол қоғамға.

«Ұятсыз…». Көзін бояп, сахнаға шыққан Нұрболат Абдуллин елдің жағасын ұстатты (видео)

Қоғамдық пікірге тәуелді болсақ, біз Айжанды клипке түсірмейтін едік. Әрине, ол клиптен кейін сөз естідік жұрттан. Ата-аналарымыз жұмыс болғандықтан, түсіністікпен қарады бұл жайтқа”, деген жігіттер тіпті үшінші клиптеріне де атышулы аруды кейіпкер етуі мүмкін екенін де жасырмады.

Дерек көз: NUR.KZ

«Масқарасын көрсін ел!..». Меруерт Түсіпбаева ән айтқалы жүрген Жадоны табалады (видео)

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз