Хитмен Нұрболат Абдуллин I am a Singer жобасында атышулы Ninety one тобының әнін шырқап, сынға ұшырады.
Нұрболат Абдуллин жоба барысында 91-дің “Қайтадан” әнін шырқап, сахнаға өзгеше стильде киініп шықты. Мақпал Жүнісова бастаған қазылар алқасы мұны көргенде таңданыстарын жасыра алмады.
«Мен ондай емеспін!..». Өзінен 14 жас кіші жігітке тиген келіншек ашынып кетті (видео)
“Нұрболат көп жанрда ән айтып жүр ғой. Бірақ мына атақты “91” тобының репертуарын таңдағанына таңғалып отырмын. Жалпы жаман емес”, – деп бағалады Мақпал Жүнісова.
Халық артисі осылай дегенімен, Нұрболаттың жаңа бағытта көрсеткен өнері екі бірдей төрешіге ұнамады.
“Көрінген киімді кие беруге болмайды. Шебер неше түрлі нәрсе жасай алуы мүмкін. Бірақ жұрт оның қолтаңбасын бірден тануы тиіс”, – деп сынады Элхан Ахмедов.
Ал әдетте жастарды бірінші болып қолдайтын Сәкен Майғазиев бұл жолы әріптесін сынға алды.
“Рэп оқу өте қиын. Тыныс керек, пульс керек. Нұрболатта пульс жетіспеді. Ninety one сияқты айта алмады, жасыратыны жоқ.
Бірақ енді сенің әншілігіңе күмән келтірген емеспін, келтірмеймін де. Бірақ әлі де жұмыс істеу керек. Өте керемет әншісің. Бірақ “жоқ” деймін”, – деді ол.
Ал бірақ Мақпал Исабекова әріптесінің жаңа бағытқа бет бұрғанына қуанышты екенін жеткізді.
“Сәкен ағаға қарсы сөйлемей-ақ қояйын. Бірақ сахна барлығын көтереді. Кез келген тәжірибені көтере білу керек. Әртіс деген бір образда, бір қалыпта қалып қоймау керек. Сондықтан мен қолдаймын”, – деп қолдау білдірді Мақпал Исабекова.
Сонымен, төрешілердің пікірі тура екіге бөлінді. Нұрболат көрермендердің қолдауымен, 3 ұпайға ие болып, келесі кезеңге өтуге мүмкіндік алды.
Ал желідегі жастар өздерінің сүйікті тобының әнін әбден бұзып айтқан Нұрболатқа тап берді.
„Ейзиден әдірем қал! Аға, олар секілді айта алмайсың. Иісі де бармайды ғой мұрнына Кю-поптың„ деп жарыса жазды.
Ал үлкендер қауымы: „Нұрболат, саған не жоқ, сенген қойым сен болсаң…„ деп айыптады.