Асүйде нан жаюға дайындалып жатқан бір келіншектің желідегі видеосы елдің жағасын ұстатты. Онда тұрған не бар дерсіздер. Мәселе – нан жаймақ келіншек – тыр жалаңаш, тек алдына алжапқыш таға салыпты.
Бәрінен сұмдығы жарқыраған жамбасымен ол ұн себілген үстелдің үстіне жайғасқан. Жамбасынан ұн болған қолдың ізі де байқалады. Сұмдық қой…
Majorka.kaz Instagram-парақшасында жарық көрген бұл видео бір ән тобы бейнебаянының үзіндісі болуы да ықтимал немесе жарнама ма екен, әй қайдам?..
Бірақ бір күні ол экраннан жарқ ете түссе, оған таң қалмаңыздар, өйткені оны қазақтар түсіргені анық көрініп тұр. Тіпті, сол жалаңаш қыздың кім екенін шырамытып жатқандар да бар. Оны қойшы, бәрінен желідегі қауымның жанына батқаны – қасиетті дастарқан мен киелі тағамды осылайша қорлауы.
“Ас атасы – нан. Киесі ұрады, өз обалың өзіңе”, “Кей адамдар ішерге ас таппай отырса, қап, мынаны-ай…”, “Фотосессияны ұнсыз жасамаса болмады ма?”, “Сол нанға бір күні зар боласың ғой”, “Әбден тойынған адамның ісі” деп келеді желідегі сын.
Видеосын көргіңіз келіп бара жатса, мына жерде тұр.
«Түрсиге дейін алдырған…». Жамбылда жас қыз бір еркекті оңбай «лақтырды» (видео)