Нұр-Сұлтан
Қазір
-6
Ертең
-11
USD
499
+3.47
EUR
520
-0.93
RUB
4.85
-0.06

“Масқарасын көрсін ел!..”. Меруерт Түсіпбаева ән айтқалы жүрген Жадоны табалады (видео)

3615

Кеше ғана “31” телеарнаның “Айта берсін” бағдарламасына сұқбат берген Түсіпбаева отандық дизайнерді қайта сынға алды.

«Болдық қой…». Жұбаныш Жексен неге ашынды?

“Жадыра ханым, өзін таппай жүрген адам. Басында тамаша биші-тұғын. Белі мына сіздің беліңіздей, қылдырықтай болатын. Сосын белі менің белімнен екі есе үлкейгенін көріп қатты таңғалдым. Тұрмысқа шықты, ана атанғаннан кейін дизайнер боп кетті. Онда да дипломы жоқ дизайнер де…

Онымен тоқтамады, бір топтарға продюсерлік етті. Енді өзі ән айтып шықса, мен таңғалмаймын. “Қазаншының еркі бар, қайдан құлақ шығарса” дейді ғой. Мен не айта аламын.

«Не бәле мынау?..». Атышулы Байзақова Ләйла Сұлтанқызын жер қылды (видео)

Өз басым, Жадоның ән айтып кеткеніне қуанамын. Шықсын сахнаға. Көрсін ел. Мен ойлаймын, ол кісі енді арықтайтын шығар деп. Мен көрген бетімен сахнаға шығу – ұят деп ойлаймын”, – деді Меруерт Түсіпбаева.

Айта кетейік, былтырғы жылы сәнгер Жадо Меруерт Түсіпбаеваны “Ел аузында” бағдарламасында талғамсыз деп салған. Түсіпбаева да қарап қалмады, әлеуметтік желідегі парақшасында Жадоға қатысты бірқатар пікірлер айтып, оны білімсіз деп сынаған.

«Сіздер білмейсіздер ғой…». Марқұм Ескендірдің әкесі қатты-қатты айтып салды

Ал сәнгер болса, өзін ел алдында масқаралап, намысына тиетін сөздер айтқан Меруерт Түсіпбаеваны сотқа беріп, одан 20 млн көлемінде өтемақы талап еткен болатын.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз