Нұр-Сұлтан
Қазір
8
Ертең
12
USD
442
-2.48
EUR
476
-1.91
RUB
4.86
+0.01

“Не бәле мынау?..”. Атышулы Байзақова Ләйла Сұлтанқызын жер қылды (видео)

12220

Әдепсіз қылығымен әйгіленген Байзақова осы жүргізушілер жүргізетін эфирдің қонағы – боянуды жаны сүйетін, бояну арқылы ақша тауып жүрген жігітке қатты жаны ашыған. Сол бағдарламаны тамашалаған Айжан қазақ телеарнасынан, қазақ журналистикасынан көңілім қалды деп қайғырып отыр.

„Қазақ телеарналарын қара дегенде қарамап едім. Енді өкініп отырмын. Не деген оңбағандық! Таңғы бес, ал мен болсам, ашудан әлі өз-өзіме келе алмай жатырмын. „Өз ойым„ бағдарламасының жүргізушілері ғой мені жындандырып жіберген. Олар қалай ол араға тап болған, соған таңым бар.

Бірінші, еркек жүргізушіні алайықшы. Екі сөзінің бірі – гей, қатын. Өзі гомофоб сияқты. Бірақ соған қарамастан мұрнының астынан міңгірлеп, екі сөздің басын құрай алмайды. Қазақта батыр көп секілді ұстайды өзін. Қалай барған ол араға? Ол аузын ашқаннан-ақ жыным ұстап, қашан аузын жабады деп өзімді әрең зорға ұстадым.

«Қош бол, Замира….». «Қалаулым» жабылып жатыр (фото)

Әйел адамға келсек, ол бұрыннан жүрген жүгізуші секілді. Елге танылып та үлгергенге ұқсайды. Бірақ ешқандай этика жоқ. Қалай ұлттық арнада жүрген?..

ТЕЛЕВИДЕНИЕ деген шәлем-бәләм емес, біреудің Инстаграмдағы жеке парақшасы емес! Осыны дұрыстап түсініп алыңыздар! Шақырған қонақтарының әдейі қытығына әбден тиіп, одан соң өп-өтірік мүләйімсіп, оны сабырға шақырады. Сұмдық қой, иә. Не бәле мынау?..

Одан соң шақырған қонақ неге сіз сөйлейтін тілде сөйлеуі керек? Шақырған екенсіз құрметтеп, аудармашыңызды дайындап қойыңыз! Қолхоз десе тағы ашуланады өздері.

Құрметті жүргізушілер, журналистикаға бас сұқпастан бұрын, ең алдымен дұрыстап сөйлеуді, өздеріңізді дұрыстап ұстауды үйреніп алыңыздар. Өз танымыңыздағы дінді, тәрбиені біреуге таңбаңыз!

Министр атышулы «Қалаулым» бағдарламасына қатысты түсініктеме берді

Шынын айтқанда, сол арадағылардың барлығы жиіркенішті көрінді, Сіздердің арқаларыңызда. Тек өзін өте жақсы ұстаған эфир қонағы Әли ғана биік болды мен үшін.

Менің парақшама тіркелушілерге өз ойыңызды біреуге тануға қақыңыз жоқ деп үнемі айтып отырамын. Әркімнің өз өмірі, өз тағдыры бар. Егер біреу Сіз секілді туылмай, Сіз секілді өмір сүрмесе, бұл оның біткен адам екенін білдірмейді! Қазақтар осыны қашан түсінесіңдер?!.

Егер ол адам Сізге келіп соқтықпаса, отбасыңызды кеп бұзбаса, бетіңізден кеп салып жібермесе, онда қандай қақыңыз бар оның басына шығып сиіп-тышатындай„ деп жазды ол (ескерту – жазба ішіндегі балағат сөздерді сылып алып тастадық).

«Ашып, иіскетті…». Атышулы Байзақова тағы бір ұятсыз видеосын желіге жүктеді

Айта кетелік, Айжан сөз еткен бағдарламаға қыз сияқты боянып, шаш жалғап алған, сол арқылы желіде жұлдыз боп, ақша табатын Әли есімді қазақ жігіті келген еді.

Осы пост жариялана салысымен, Байзақоваға бағдарлама жүргізуші  Алмас Алтай қысқаша жауап қайырды. Ол әлеуметтік желідегі парақшасында видео жариялап: “Ұқпадым”, – деп қысқа қайырды.

…Сөйтсек, Алмас Алтай Байзақованы мүлде танымайтын болып шықты…

«Мүләйімсіп…». 21 жастағы бойжеткен қазақ жігіттерінің кемшілігін ашып айтты (видео)

”Рас! Танымаймын, бірақ, сондай адамның барын білетін едім.

Алайда, жеке басына, өміріне қызығып көрмеппін. Себебі,

ақпараттық жүйе қалыптастырған бет-бейнесі тым лас еді. Әлбетте, ол таза организм болуы мүмкін, бірақ, мен үңілуге, зерттеуге тырысқам жоқ.

Негізі, мен кез-келген адамның пікіріне құрметпен қараймын және инстаграмм қолданушыларының қарғыстарына жауап беруді қажет деп таппаймын.

Бұл — ұяты қашқан қыз. Балқаштан жаңа Байзақова шығыпты (фото, видео 18+)

Ал, мына жайтқа бей-жай қарамауға жақындарым, жанашырларым көндірді!

“Жарайды, жауап берейінші” деп ойладым. Қарсыласымның нақты кім екенін де білмейді екем. Сүйтсем, бұ пенде біразға кетіп қалған кісі екен ғой. Ютубтан видеоларын көріп айтарға сөз таппадым. Бар тапқан сөзім осы видеодағы болды.

“Өз ойым” парақшасында “Алмас оны қалай танымайды” деп жатыр екен біреулер. Елдің бәрі танитындай кім ол? Дженифер Лопес пе, Криштианудың әйелі ме, әлде Жанкелді Қаржан ба?”

– дейді Алмас Алтай.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз