Жамбыл облысының 21 жастағы тұрғыны Зарина Қалжанбаева қазіргі қыздардың тұрмысқа шығу кезінде неге мән беретінін ашып айтты.
“Әр қыз қалталы азаматқа тұрмысқа шығуды армандайды. Бірақ, ұялғандықтан “мінезі жақсы болса” деп мүләйімсиді. Мысалы, мен үшін махаббат-сахаббат емес, ер адамның ақшасы болуы керек. Шыны сол.
Өйткені басы істейтін еркек қана көп ақша таба алады. Ал маған топастардың қажеті жоқ. Осы себептен қалталы азаматқа тұрмысқа шығамын деп мақсат қойдым”, – дейді 21 жастағы қыз.
Бойжеткеннен бағдарлама жүргізушісі “Біреудің тоқалы болуға қалай қарайсыз?” деп сұраған.
“Тоқал болуды қаламаймын. Кейін менің күйеуім де “тоқал аламын” десе, қандай күйде болатынымды білемін ғой.
Ол жағдайдың өз басыма түспесін қайдан білемін. Ақшасы миллион болса да, қалталы азаматтың екінші әйелі болуға келіспеймін”, – деп ағынан жарылды Зарина Қалжанбаева.
Ол өзінің екі қалталы жігітпен көңіл жарастырғанын да айтты. Бірақ олар қатты мақтаншақ боп шығыпты. Сондықтан ара-қатынастарын кілт үзген екен.