Нұр-Сұлтан
Қазір
1
Ертең
2
USD
449
-1.43
EUR
484
-3.48
RUB
4.86
0.00

“Сіздер білмейсіздер ғой…”. Марқұм Ескендірдің әкесі қатты-қатты айтып салды

1742

Бұл туралы «Время» газетіне сілтеме жасап Stan.kz хабарлады.

Еске салак кетсек, таяуда Малика Мұхитоваға қатысты сот үкімі шығып, ол 2 жылға бас бостандығынан айырылған еді. Мұнан кейін желіде «Маликаны кешіріңдер» атты науқан басталды.

Осы жайтқа қатысты пікір білдірген Сергей Хан Мұхитоваға берілген жаза мерзімінің өзі үшін еш маңызы жоқ екенін айтты.

«Бүгінде сот үкіміне қатысты түрлі пікір айтылып жатыр. Ол өлім жазасына кесілген жоқ қой. Менің ұстанымым қарапайым – адам өліміне алып келген жол-көлік апаты үшін нақты мерзім берілуі тиіс. Ал жаза түрін мен немесе басқа адам емес, сот шешеді», – дейді марқұмның әкесі.

Олжас Сүлейменовтің немересін қағып өлтірген қыз қанша жылға сотталуы мүмкін?

Сонымен қатар ол сот өтіп жатқан кезде қорғаушының позициясын түсінбегенін айтты. Ескендірді қағып кеткен Малика өз кінәсін мойындап, туыстарынан кешірім сұрады.

Алайда оның қорғаушысы өзінше болжап жасап, тіпті, бұл жағдайға Ескендірдің өзі кінәлі секілді қып қойды.

Ресейлік сарапшылардың пікіріне сүйенген қорғаушы олардың есебі бойынша, мотоцикл 88 шақ/сағ емес, сағатына 116 шақырым жылдамдықпен қозғалған. Демек, ол қатты жылдамдықпен келе жатқан, деп мәлімдеген қорғаушы.

Алайда апат орнында түсірілген видео мүлде басқа жағдайды көрсетеді. Мұхитованың көлігі мотоциклге жол бермей, тіпті жүргізуші қарсы бағытқа қарамаған.

«Ол да өлең жазатын». Ескендір Сүлейменовтің досы оның қандай адам болғанын айтып берді

Сұхбат барысында Ескендір Сүлейменовтің әкесі өз ұлының өліміне кінәлі Малика Мұхитованы кешіру турасындағы сұраққа жауап берді.

«Қанша тырыссам да, оның өкінетініне сенбеймін. Адам өкінген кезде өзгелерді кінәламайды. Қорғаушы Ескендірдің өзі кінәлі екенін нақты айтты. Бұл өкініш пе?..

Бұл ыңғайлы позиция – біз кінәліміз, кешіріңіздер, алайда сіздер де кінәлісіздер ғой деген тәрізді.

Әлеуметтік желілерді пайдаланып, қоғамдық пікірге әсер етуге тырысып жатыр. Алайда бұл ретте біздің құқықтық мемлекетте өмір сүріп жатқанымыз ұмыт қалған сияқты. Егер орта ғасырлардағыдай, бізде халық соты болса, бұл науқанды түсінетін едім.

Алайда қазір қылмыстық кодекске өзгертулер енгізілген. Тараптардың татуласуына байланысты іс тоқтатылмайды. Сондықтан бұл жерде біздің позициямыз маңызды емес», – дейді Сергей Хан.

Малика Мұхитова Ескендір Сүлейменовтің қазасы үшін жылап тұрып кешірім сұрады

Сонымен қатар марқұмның әкесі әлі күнге дейін тамағына ас батпайтынын және түнде ұйықтай алмайтыны жасырмады. Ал жұбайының жүйкесі сыр бере бастаған. Отбасымның басынан өткен жайтты ешкімге тілемес едім, – дейді ол.

«Біздің отбасымызға жас қыздың өмірін қор қылатынымыз туралы айтып жатыр. Ал сонда Ескендірдің алдағы өміріне қатысты жоспарлары болмады ма? Ол шаңырақ көтергелі жүрген. Жұмыс істеді. Шетелге шақыртулар алды.

Алайда Қазақстанда өмір сүргісі келді. Қазіргі уақытта отбасымның қалай өмір сүріп жатқанын білмейсіздер.

Маған ас батпайды, жарытып тамақ ішіп жүргем жоқ, ұйықтамаймын. Әйелімнің де жүйкесі сыр бере бастады.

Әйелім желідегі барлық жазба мен пікірлерді оқып отырады. Көбі бізден адамдар неге осылай жасайды деп сұрайды. Біздің ұлымыздан айырылғанымыз аз ба?

Ешкім біздің орнымызда болып, біздің басымыздан өткенді көремесе екен деймін. Баласынан айырылып көрген адам «оны кешіріңдер», «түрмеден құтқарыңдар» деп айтпайды, сұрамайды да. Осының өзі бізге ауыр тиіп жатыр.

Сіздер біздің жан-дүниемізде не болып жатқанын түсінбейсіздер. Жүрегіміздегі жүк жеңілдеп жатқан жоқ, жүрегіміз одан сайын ауырады», – дейді Сергей Хан.

Олжас Сүлейменовтың немересінің қалыңдығы: жазда тойымыз болады деп едік

Естеріңізге сала кетейік, 22 маусымда Астанадағы «Мәңгілік Ел» және Керей-Жәнібек хандар көшесінің қиылысында жол апаты орын алды. Жазатайым оқиға кезінде жас мотоциклист қаза болды. Кейіннен оның танымал жазушы Олжас Сүлейменовтің немересі Ескендір Сүлейменов болғаны белгілі болды. Ал оны көлігімен қағып кеткен Малика Мұхитова полиция полковнигінің қызы болып шықты.

Бұған дейін Олжас Сүлейменовтің немересін қағып өлтірген қыз марқұмның ата-анасынан кешірім сұраған еді. Ал оның қорғаушысы өтемақы төлеуге дайын екендерін айтқан. Мұнан кейін айыпталып жатқан Малика Мұхитовадан 14 миллион 753 мың теңге көлемінде материалдық шығынды өтеуі талап етілген еді. Артынша марқұмның анасы сот төрағасының талабы бойынша материалдық шығын өтемақысын сұрағандарын айтты. Біраз уақыттан кейін марқұмның ата-анасы материалдық шығыннан бас тартты.

«Зіңгіттей жігіт еді…». Олжас Сүлейменов менингиттен көз жұмды

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз