“Жігіттер” квартетінің 15 жылдық жеке кешінде ән айтқан Тамара Асар сахнада сүрініп, тізерлеп отырып қалды. Осы кезде көрермендер қатарында отырған Мейрамбек Беспаев сахнаға ытқып шығып, әншіні көтеріп алды.
“Сахнаның еденіне шашылған конфетиге сүрініп, отыра кеттім. Тұрып кетейін десем, аяғым қайырылып ауыртып тұр. Оқыс қозғалыс жасасам, оны зақымдайтынымды білдім.
«Сылқым-депутатты»сынағандарда ми жоқ». Желіде біреу осылай деп күйіп кетті
Тренерім үйреткен нәрселерді жасап, халыққа қарап қолымды соза беріппін.Сол сәтте Мейрамбек Бесбаев келіп, қолтығымнан демеп жіберді.
Орнымнан тұрғызғаннан кейін бетімнен сүйіп жатыр. Халық та ду қол шапалағын соқты. Қатты қорыққаннан жылағым да келіп кетті, бірақ өзімді ұстауға тырыстым. Халқымнан кешірім сұраймын мұным үшін. Ал МегаБегіме рақмет!”, – деп жазды Инстаграмдағы жеке парақшасында Тамара Асар.
«Алып барды…». Өлуін күтіп жүрген науқас келіншек бір ғажайыптың болғанын айтты
Желі қолданушының бірі:
„Сіз үшін талай елмен ұрсыстым ғой. Көбісі „аяғым протез„ деп өтірік айтады деп күйдіреді. Мен дәлелдеп әлекпін. Бұл тақырыпты қозғағаным үшін кешіріңіз. Тамаша әншісіз. Мен Сізді қатты жақсы көрем„ деп жазды.
Айта кетейік, Тамара Асар 20 жасында жантүршігерлік жол апатына ұшырап, бір аяғынан айырылған. Әнші бір аяғы протез болғандықтан, үнемі ұзын көйлек киетінін айтқан.
Видеоны мына жерден тамашалай аласыздар.
«Мүләйімсіп…». 21 жастағы бойжеткен қазақ жігіттерінің кемшілігін ашып айтты (видео)