Мейрам күндері Фейсбуктегі қауым омырауын жалаңаштаған бір депутат-мыс келіншектің басына аямай «су құюда». Сол жұртшылыққа айтайын дегенім, ол сұлу депутат емес!..
Мектепте болады ғой, өзін-өзі басқару күні деген. Оқушылар өз арасынан мектеп директорын, мұғалімдерді сайлап алатын. Бұл да сол сияқты нәрсе…
Содан кейін, әлгі аруға қарап отырып келген ой ғой. Сұлулықтың аты сұлулық. Көрсетіп тұрса неге тамашаламасқа?..
Осы арада Совет өкіметін қарғап-сілеп өліп қала жаздап жатасыздар. Біз Батысқа қарап бет түзеп, соған еліктеуде емеспіз бе өзі?.. Ендеше бұл не шу?..
«Мен ондай емеспін!..». Өзінен 14 жас кіші жігітке тиген келіншек ашынып кетті (видео)
«Секс болмаған-мыс» деген Совет елдері құсап өзімізді «жабайы» ұстамайық. Әлде рейтинг қуған сайттардың жетегіне еріп, осылай «қуалай бергенді» жөн көресіздер ме?.. «Ойбай, астаналық депутат түксіз ел алдына шығыпты, масқара!» деп сыпсыңдап, оны табалағанымызға мәз боламыз ба?..
Төлеутай Рақымбеков, ФБ қолданушысы
Айта кетелік, сахнаға кеудесін жалаңаштап шыққан модель арудың аты-жөні Динагүл Тасова. Ол кезінде Астана жастар мәлихатының VII шақырылымының депутаты болыпты.
Бұл реттегі сынға өзі: “Депутат адам емес пе? Бұл -жұмыс. Мүмкін депутаттарға ішіп-тышпау да керек шығар” деп жазыпты.
«Имандай сенгем …». Бизнесмен қызының кім ұрлатқанын естігенде қатты таң қалды