Алматылық бизнесмен Рүстем Бөлекбаевтың қызын ұрлау үшін қылмыскерлер бір ай бойы жоспар құрған. Бизнесмен істің артында кімнің тұрғанын естігенде өз құлағына өзі сенбеді.
KIA көлігі екінші KIA көлігімен Алматы көшесінде әдейілеп соқтығысып қалады. Көліктің бірінде кәсіпкердің қызы Мәриям мен сыныптасы, көлік жүргізушісі Аслан болған. Екінші көлікте «ерлі-зайыпты» мен бір қыз болған.
Екінші көлік жүргізушісі Тайбековөзінің кінәлі екенін мойындап, сол жерде 50 мың теңге беруге келіседі. Алайда ақшаның өзімен бірге емес екенін, үйіне барып алып кетуін сұрайды. Осылайша көліктегілерді қақпанына түсіреді. Жол ортасына келгенде жүргізуші Асланнан сыртқа шығуын сұрайды. Оны электрошокермен ұрып, әйелдің бірі тамағына пышақ тақайды. Оны есінен тандырып құлатады.
«Түрсиге дейін алдырған…». Жамбылда жас қыз бір еркекті оңбай «лақтырды» (видео)
Осы кезде 22 жастағы қыз Карина Жазбекова Мәриямды өз көлігіне күштеп отырғызады.
Кейіннен «ерлі зайыптының» күзетші мен жезөкшелер екені белгілі болды. Олар қыздың әкесіне хабарласып, 500 мың доллар талап етеді. Оқиға орнынан полицейлер Тайбековтің телефонын тауып алды.
SIM қарта арқылы екі адамның Атырауда, бірі Таразда, бірі Алматыда екені белгілі болды. Полицейлердің қоңырауына бір ғана қыз жауап берді. Ол белгілеріне қарағанда жезөкшеге ұқсайды.
Әкесіне қызының өзі хабарласып, «Алтын ордадағы» базарда екенін айтқан. Ол жанармай бекетіндегі кассир қыздың телефонынан хабарласқан.
Полицейлер үй қызметкерлерін, аспаз бен күзетшілерден жауап алды.
«Мен ондай емеспін!..». Өзінен 14 жас кіші жігітке тиген келіншек ашынып кетті (видео)
Қызды ұрлау ісін ұйымдастырған Руслан Молдағалиев болып шықты. Ол бизнесменнің сенімді қызметшісі әрі жақын досы.
Руслан Молдағалиев кезінде Қарасай ауданын ұстаған адам болыпты. Қарақшылық үшін істі де болған екен бір кездері. Бірнеше жыл бұрын кәсіпкердің күзетіне қызметке тұрған. Бизнесменнің әйелі қайтыс болғанда оған қолдау білдіріп, бірге саунаға барып, жеңіл жүрісті қыздармен көңіл көтеріп, сөйтіп аралары тіпті жақындаса түскен.
Серімбетов пен Жазбеков Өзбекстаннан келген жезөкшелер, Тайбеков түнгі клуб «көбелегі». Ал, ұрлықты Молдағалиевтың идеясымен жасаған.
«Алып барды…». Өлуін күтіп жүрген науқас келіншек бір ғажайыптың болғанын айтты
– Бұған кәсіпкер ұзақ уақыт сенген жоқ.Тіпті, кәсіпкер өз жұмысшысының адалдығына сеніп, адвокат жалдап, істі тексертті. Бірақ фактілермен бетпе-бет келгенде сенбеске амалы қалмады.
Қызды ұрлаған Тайбековті ұстап алғанда оған қоңырау келіп түскен. Опер әкілік танытып, ол нөмірді жазып алған екен. Ал ол нөмірдің иесі осы кәсіпкердің жан досы Молдағалиев боп шықты, – дейді подполковник Әділбеков.
Қазір 4 күдікті де қамауда. Оларды сот ісі күтіп тұр.
«Не бәле мынау?..». Атышулы Байзақова Ләйла Сұлтанқызын жер қылды (видео)