Нұр-Сұлтан
Қазір
5
Ертең
4
USD
445
+0.37
EUR
477
+2.08
RUB
4.82
+0.02

“Құл қылды…”. Оралда жоғалып кеткен үш баланың анасы малшының қосынынан табылды

513

«Жұбайым екеуміздің қарым-қатынасымыз дұрыс емес. Ол мені жылдар бойы ұрып келді. Құлдықта болдым десе де болады.

Сұмдық! Түркістанда балаларын дуалға ұратын әкенің қылмысы әшкере болды (видео)

Мені жұмысқа жібермейтін. Арыз жазуға қорықтым. Өйткені үйден қуып жіберуші еді. Ал балалармен баратын жерім жоқ. Соңғы ұрғанында ол мені өлтіре жаздаған, бетімді пышақпен тіліп жіберді. Балаларым маған ақша берді, сөйтіп мен үйден кетіп қалдым», – дейді әйел.

Иралия Камышеваның айтуынша, ол осыған дейін үйінен бірнеше мәрте кеткен. Бірақ кейбір себептерге байланысты қайтып оралған.

«Бұл жолы ауданға кетіп қалдым, жұмысқа орналастым. Ақша жинап балаларымды өзіммен алып кетемін деп жоспарлаған едім. Балаларымды ешқайда тастап кетпеймін.

Мені іздестіріп жатқанын білмедім. Ол мені өзі қуып жіберді. Мені іздеп қайтеді?», – дейді әйел.

«Көршінің күйеуін ұнатып…». Құралай ханым әйелдерді не деп азғырып жүр?

Ол осы уақыт бойы үлкен қызымен хабарласпақшы болған, алайда еш мүмкіндігі болмапты. Ал күйеуі Дмитрийдің айтуынша, әйелі спирттік ішімдік ішеді. Сондай-ақ, ұзақ уақытқа үйден кетіп қалатын әдеті де бар екен.

«Бұрын екі жыл бойы алкоголь ішпеген, себебі мен оны қадағалап отырдым. Оның нервті-алкогольдік синдромы бар. Өзінің дертін мойындамайды, кез келген нәрсені айта салатыны бар.

Бастысы осыған өзі сенеді. Бұл жолы оны міндетті түрде айықтырамыз. Ол емге мұқтаж.

Бұл мақаланы жанында күйеуі отырған әйелдер оқымасын

Кеше Ішкі істер басқармасынан алып кеткім келген, бірақ рұқсат бермеді. Балалар ауырып жүр. Ортанғы қызымыздың бассүйек ішіндегі қысымы бар. Барлығының жүйкесі сыр беріп жүр. Естуімше ол маған тағы арыз жазыпты, ұрған екенмін. Бұл өтірік. Оның сөзін көршім де растапты. Оны сотқа беремін», – деді күйеуі Дмитрий.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз