Нұр-Сұлтан
Қазір
-8
Ертең
-10
USD
420
0.00
EUR
510
0.00
RUB
5.72
0.00

“Көршінің күйеуін ұнатып…”. Құралай ханым әйелдерді не деп азғырып жүр?

1235

350 мыңға жуық жазылушысы бар Құрайлай ханым осы күнде бірнеше кітаптың авторы, отандық телебағдарламаның тізгінін де ұстап көрген. Сондай-ақ өзінің шеберлік сабақтарымен де белгілі. Құралай ханым ең көп оқырмандары Алматыда, одан кейін “зың” Шымкентте екенін айтады.

“Астананың ханымдарына түк те қызық емеспін, ауылдан адам жинау үшін тер төгетінмін баяғыдан-ақ”, – дейді ол.

1.Күйеуі жүріс жасайтын әйелдерге Құралай ханым мынандай кеңес береді.

Үйдегі xотуны МАМА болып кеткенде, еркек өзіне – сұлу келіншек іздейді! Мамасы болып, бар жағдайын жасап, есіртіп қойсаң, ерке балаң ырбаңдамағанда не істейді, айтшы?! БЕТІҢЕ АЙТАЙЫН РЕНЖІМЕ, СЕН ӘЙЕЛІ ЕМЕС, МАМАСЫСЫҢ! Ал мамасымен еркек, бір төсекке жата алмайды. Қашан нәзік, панасыз, әлсіз, қорғанышты талап ететін, сүйкімді келіншек боласың, сол кезде ол саған изменять еткенін қояды.

«Қатыным жанымды шығарды…». Құралай ханымға қой деңіздерші!

Ер азаматқа әрдайым стресс керек. Жігіттер армияның қатаң тәртібінде шыңдалады.

Еркектер соғыс уақытында мықты болған! Оларға анда-санда шоковая терапия жасап тұрған абзал.

Жігіттің қарны тоқ, қайғысы жоқ болса, ерігіп, есіріп кетеді. Өз бала-шағасымен қоса, азаматтарға, үш жұрттың жүгін бірақ артып қою керек. Сонда басқа әйелге қарамақ түгілі, өз xотунының түрін көруге, шамасы әзер жететін болады. Опшым, некеге тұрған күннің ертесі күні, псиxологтардың айтуы бойынша „код девочки ловить ету„ керек. Көз бақырайып, ештеңеге шама жоқ, бишара қалыпта, „сознательная дура„ болу керек.

Ағылған ақыл, пайда әкелетін парасат, кемеңгерлік кәсіп, бала-шаға нәсібі, бәрі-бәрі еркектен. Біз әйелдер тек ұнайтын нәрсемен айналысып, жарасатын көйлекті киіп-ап, былқылдап, сылқылдап жүруіміз керек. Қарсы пікір жазып шаршамай-ақ қойыңыздар, өз өміріммен дәлелденген, маған дейінгі тәтелер айтып кеткен, айтылуы оңай, жасалуы қиын, рас әңгіме! Қолдансаңдар, өмір сүру жеңілдейді. Қолданбасаңдар, күйеу басқа қорада маңырап безілдейді.

2. Бойымыздағы көреалмаушылық, қызғаншақтық сияқты жаман қасиеттер көбейіп кетсе, шошқа болып кетуіміз ықтимал…

Бүгін тағдырдың таяғын жеп, көзіңнің жасы құрғамай жүрсе, ертең – сол жеген таяғыңның өтелімі болып қайтатын, Тәңірдің сыйлайтын сыйын алып үлгере алмайтындай дәрежеде боласың. Таяқ жегізген адамнан, таяқты көп жеген адамның – алды жарық болады!

«Бақырып жатыр…». Құралай ханым қыз ұзатамын деп масқара болды (видео)

Мәз болып келе жатып, батпаққа былш етіп, бетпен құлап, елге күлкі болып қалдың ба ТҰР да, ол батпақтың емдік қасиеті бар екенін барлық елге дәлелде.

Көбелек өзінің қанатын көрмейді. Қанатын көрмеген соң, өзін жәй бір жыбырлаған, ұша алатын құртпын деп ойлайды. Адамдар да солай… Өз қанаттарын (таланттарын) көрмей тек жыбырлаған (кеудесін) ғана көреді. Өз жүрегіңнің дүрсілін, кез-келген кардиологтан да мықты естуді үйрен. Егер де өз-өзімізбен жұмыс жасамасақ, біз әке-шешеміздің тағдырын қайталаймыз…Балаларымыз азырақ қиналу үшін бұл өмірден, біраз нәрсемізді жуып-тазалап кетуіміз керек!

Алдыңнан – артың таза болса,

Артыңнан – алдың нұрлы болады!

Банка жапқаның мен бала тапқаныңды бұлдамашы! Анда-санда басты жуып тұрған жөн, ішкі жағынан. Мен сөйтем, сіз де сөйтіңіз, иногда. Өмірінің қиындығын драмасын, комедияға айналдырып, өз проблемасына күле қараған адам, ең бақытты, ең мықты адам!

3. Үйдің берекесін, нәсібін кіргізудің бірден-бір жолы…

Үйге келген любой ақшаға, ең бірінші балаларыма тамақ алып жегіземін. Баяғыда ауылда, папам қой сойғанда, майынан кесіп алып, ең бірінші балалар жесін деп, ауыз тигізіп, еттен кесіп қуырдақ жасатып, отбасын тамақтандырған соң ғана, қанын т.б итке тастататын. Күшік жегісі келіп тұр папа, берші бездерін, керек емес жерлерін, дегенде: “Бірінші өздерің ауыз ти, тамақтың берекесі кетеді”, – дейтін.

«Жас қыздар жылуын сыйлауы керек» – «Бақытты әйел» ток-шоуының жүргізушілері

Сондықтан, бір іс бастағанда, немесе айлық алғанда үйге ақшаны алып келіп: “Иә Алла. Балаларымның нәсібінен айырма. Не берсең де адал қылып бер. Отбасыма байлық, дастарxаныма береке кіргіз!”-деп бала-шағама улатып-шулатып, аңсап жүрген тәтті-дәмдісін алып праздник жасаймыз.

Қәзір ақшаның бәрін карточкага салып алып, тып-тықыр, тықылдап өмір сүріп кеттік. Дұрыс емес.

Айлық алған күні, міндетті түрде мереке-береке жасау керек. Үйдегі балалар қуану керек. Әйел шаттану керек. Күйеулеріңе оқып беріңдер. Әйел қуанса -әлем қуанады. Әйеліңе берген бір теңгең – мың сауап болып жазылады.

Әйелінің бетіне шапалақ емес,  АҚША шашқан жігіттің, жолы болғыш болады.

4. Өз-өзіне ақша жұмсауға аяйтын, қалаған киімің киіп, қалағанын ішіп-жей алмайтын келіншектерге…

Бізге, әсіресе қазақ қыздарына, кішкене кезімізден, қалағанымызды жасатпай, сұрағанымызды бермей, қысыңқырап өсірген… Кеңес үкіметі кезінде мүлдем сұмдық, әпкелеріміздің үлкен, пальто мен сыры кетіп, сыны ғана қалған етікті, гүрсілдетіп киіп, сабаққа барғанымызға мәз болатынбыз. Сенің талғамың ешкімді қызықтырмайды. Өзінің талғамына сай аналарымыз сатып әкеледі дүкеннен. Қәзіргідей бөлек кабинкаға апарып, кигізіп, өлшеп алу, сен түгілі, мамаңа бұйырмайтын бақ.

Күйеуден бірдеңе сұрауға ыңғайсыздандырып, кішкене ақша бере қалса, бақыттан бас айланып, базарға барып алайын десең, кішкентай кезден құйылған, тәрбиеленген – талғам жоқ. Біреу таңдап, алып бергенге бейана (подсознание -ред.) әбден үйреніп алған, жүргенің сол.

Талғамы бар-ау деген әпкеңе, құрбыңа, жеңгеңе жалынып, күні бойы базарда соның бетіне жалтақтап жүргенін. Соның бәрі – қалағаныңды алуға, таңдағаныңды талғауға, тілегеніңе жетуге, жәмән әсерін тигізеді екен. Қымбаттау алып қойсаң – өзіңді кінәлап, арзандау алсаң – ұялып, өзінен-өзі мазаң кетіп.

Мұндай жағдайда мен: “Қалауың білсін, Құралайжан” деп өзіме рұқсат беремін. Кафеде тамақты басқаларға қарап емес, өзім қалағанымды аламын. Іштей қандай да болса таңдауым бар екеніне риза боламын.  Әрдайым қалаған, біреуден көргенді емес, өзім ұнатқан нәрсемді алуға, аз да болса тырысып жүремін.

Бірақ “Қаладым екен деп, көршінің күйеуін ұнатып, қуып кетпеу керек”, орыс халқында “Все, что мне дозволено – не все полезно” деген жақсы мақал бар.

Қаламаған көңіл, сұрамаған өмір, тілемеген тағдырды, күнделікті өз қолымызбен жасап алады екенбіз! Осының бәрі керісінше болу үшін, қалағаныңды алып, тілегеніңе жету үшін осылай, өзімізді-өзіміз біртіндеп тәрбиелеуіміз керек!

5. Өзіңді жақтырмайтын адамдар қоршап тұрса…

Ойлап отырсам, осы уақытқа дейін, мені өсірген – жақтырмаған адамдарым екен. Мен оларға басымды иіп, “Мені жақсы көрмегендеріңіз үшін, мені жақтырмағандарыңыз үшін, мені қабылдамағандарыңыз үшін рахмет”, – деп айқайлап тұрып айтқым келеді.

Үйде де, түзде де мені өсірген адамдар – мені ұнатпайтындар. Соларға өзімнің мықтылығымды дәлелдеймін деп жүріп, қалай күшті болып кеткенімді байқамай қалыппын. Жақсы көріп, басыңнан сипап, аузыңа ас тыға беретін адамдар – сені өшіретіндер! Ал семіздікті қой ғана көтереді. Мен де кейде құтырып, пост жазбай өзімше болып кеткенде: “Ас ішіп, аяқ босатқаныңның фотосын ғана салып, сенде семірдің, жұлдыз болып кеттің т.б”- айтып, ұрысып-ұрысып тастасаңыздар, дереу ес жиып, ойбу xалқым күтіп отыр деп, сабама түсе қалам ғой.

6. Күйеумен арадағы қарым-қатынас туралы

Әйел адамға бұл өмірде күйеуімен қатынасын жөндеп алса, басқа проблемалар бәрі өзінен өзі шешіледі!

Қазақтың қайыршы жігіті маған жігіт болмайды…

 

Ал күйеуін сүймеген, жақтырмаған, жамандаған, оған ерегіскен әйелдің өмір бақи проблемалары бітпейді. Бірақ ойланып, жан-жағыңызға қараңызшы. Әйелге жиырмада да, отызда да, қырықта да, елуде де, алпыста да ер адам керек! Керек екенін ашық айтпаса да, жүрегінің түбін қазсаң, жылтың етіп, үміт оты жарқ ете қалады…

Осы әйелдің төрт құбыласы тең, түк керек емес, керемет бақытты десең де, қасында азаматы болмаса, бәрібір бірдеңесі жетіспей тұратындай. Әйел өмірді түсініп, мінезін, көкірегін, нәпсісін т.б. тыйып, маңдайына жазған тағдырына мойынұсынғанда бәрі келеді. Ақша да, береке де, бала да, бақыт та.

7. Бала туғаннан соң, “послеродовая депрессияға” түсіп кеттім дейтіндерге

Сендерде ешқандай депрессия емес, сендерде “құтырған қатындар” синдромы. Құдай не нәрсені де, адамға оңай бере салса, адам, әсіресе әйелдер құтырып, өздерін қоярға жер таппай кетеді…

Он жыл аңсап, балаға жете алмай, үш эко, төрт выкидыш көріп, балаға әзер жетсең, послеродовой депрессия емес, балаңның бетіне таңға ұйықтамай қарап, нұрланыыыыып отырар ең. Қай жақсылығыңа екенін білмеймін, құдай бере салған ғой! Енді құтырып отырсыңдар.

Қарын тойса, қарта боқ сасиды дегендей, жұмыс жоқ, күйеуің Ресейде, өзің шетелде, күн көріспен, балаларға нан таппай жүрсең, депрессия деген сөздің қалай жазылып, қайтып оқылатынынан да хабарың болмас еді.

8. Барлық мәселелер тұрмыс құрғанда шешіледі деп сенетін бикештерге.

Әйел қауымының бір қатесі, күйеуге шықтық па, болды бізде бәрі жақсы болады деп ойлаймыз. Керісінше, күйеуге шыққан күні басталады. Еңбектенуді сол бірінші, неке қиылған күннен бастау керек!

Күйеуге емес, құдайға табыныңдар қыздаааар деп айта беретінім де содан.

Өзіңді сүюдің, өзгертудің маңыздылығын кинодан көресіздер.

9. Күйеуге шыққысы келетін қыздарға арналған кеңестер

Күйеуге шықпай қалғанына бойың, ойың, түрің, аяғың, білімің, жұмысың, ата-анаң, бауырларың, басқасы кінәлі не біреу оқып тастады, жолымды жауып тастады, көз тиді деп ойласаңыз, қателесесіз.  Күйеуге бойы қысқасы да, ұзыны да, ақылдысы да, ақымағы да, сұлуы да, сүйкімсізі де, жұмысы бары да, жоғы да, тіпті кредиті барлар да шыға береді. Мен де күйеуге шығам және бәрі сәтті болады дегенді дәптеріңізге, телефоныңызға жазып алыңыз.

«Ана бір емші жібереді…». Діни басқарма өкілі жынның адамға қалай кіріп алатынын айтты

Барлық негативті позитивке ауыстырып тастаңдар.

10. “Күйеуі дөң, “тормоз”, қатып қалған, жылуы жоқ әйелдерге
Күйеуің кешке келіп дөңкиіп қасыңа жатқанда, оны қатып қалған, қап-қатты мұз деп елестетесің. Ал сен Клеопатра мен жапонның мен-мен деген гейшалары сені көріп жылап тұратындай, жүрегің мен жатырыңнан жанып тұрған от, көзіңнен нұр шашып тұрған әйелсің. Қатқан мұзды кеудеңе қойғанда, дөңің уф деп соңғы тамшысына дейін жоқ қылып, ерітіп жібересің. Әйелді Құдай керемет қылып жаратқан. Біз мұз ерітпек түгілі, адам шығарамыз денемізден! Ал біздің денеміз деген ең мықты машина! Мұзды ерітпек түгілі, балқытып жоқ қылатын  бізбіз ғой,  қыздарики.

Күйеу ештеңеге кінәлі емес! Балқыту пешін қоса алмай жүрген, өзіңіз дөңсіз.

Көпбалалы ана, ибалы келін, сүйікті жар атанып отырған Құралай ханымның ақыл-кеңестері желіде белсенді талқыланып, қарсы пікірлер көп айтылады. Расында да әлі өзін-өзі танып білмеген, ақ-қарасын ажырата алмай жүрген әйелдер үшін “Бәріне өзің жауаптысың, бәріне өзің кінәлісің, бәрі -өз қолыңда” деген үстіртін пікірлер адастыруы әбден ықтимал. Себебі, ер адам деген алдап, билеп-төстегенге көне қоятын қуыршақ емес. Отбасы – екі адамның ортақ ісі. Екіжақты еңбектенуді, атсалысуды, бір-бірін сыйлап, қолдауды талап ететін одақ. Олай болса отбасы бақыты үшін, әрине, екі адам да жауапты.

«Ыңқылдайды…». Сексен қызды айтқан «секси қыз» Хабардан бір-ақ шықты (видео)

Дегенмен, арасында ақылға қонымды, отбасының беріктігін нығайтатын ақыл-кеңестері жетерлік. Қайсысың таңдайсыз – өз қолыңызда.

(Құралай ханымның орфографиясы мен пунктуациясы кей жерлерде сақталған).

Дереккөз: Stan.kz.

Серіктестер жаңалықтары
Көп қаралған
© «365 Info», 2014–2021 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз