ҚМДБ жанындағы Ғұламалар кеңесінің мүшесі Ершат Оңғар жындар әлемі мен олардың байланысы жайында айтып, қазақстандықтарды балгер-тәуіптерге бармауға шақырды.
Қазір көп жұрт, жылдар бойы тірнектеп, қиналып байығанды емес, бір сәтте, байып кеткенді қалайды. Сол пейіліне сай, балауыз жақсаң байисың, қаладағы биік үйге шықсаң, үй аласың деп соғатын тренер-коучтер қаптап кеткен. Жын деген де солай… Көп адам, бойындағы жамандықпен айлап-жылдап күрескісі жоқ, деп хабарлайды Евразия телеарнасы.
«Иә, көп адамдар, қазір өз мойнына жауапкершілік алғысы жоқ. Себебі ең жеңіл тәсілі бұған басқа біреу кінәлі деп айту оңай. Өз өміріне жауапкершілік алғысы келмей, ары қарай жұмыс істегісі келмей, ынталанғысы келмей, өзін жаманмын деп, ішкі дүниесіне көзін ашқысы келмей, өз-өзіне сенбей, адамдар жауапкершілікті алғысы келмей, жын кірді, анадай болды деп, біреуге жапқанды жеңіл тәсіл деп ойлайды» – дейді психиатр Әсем Әділбекова.
«Қазір әдетке айналды десек болады, дуа-сиқырмен кіру. Әрбір дуа-сиқырға қызмет қылатын бекітілген жындар болады. Адамды күтіп, торуылдап жүреді. Адамның көңілі өзгерген уақытта, мейлі жыласын, мейлі қатты күлсін, осындай сәтте жындар адам ішіне кіруге жол табады. Ол ішке кіргесін қарап жатпайды, жіберілгендегі мақсатын орындайды. Ол ауыртады. Суицидке алып барады»
– дейді имам Нұрлан Бақбасаров.
«Жын әлемі деген бізбен паралельно әлемде өмір сүріп жатыр. Оттың жалынынан жасалған, кез-келген денеге айнала алатын, қатты денеден өтіп кете алатын, дауыс сияқты әлем» – дейді ҚМДБ жанындағы Ғұламалар кеңесінің мүшесі Ершат Оңғар.
«Ағыза салды…». Атыраулық әйел жынын шығартам деп емшіден бала туып алғанын айтты
Олар әп-сәтте мың шақырымға барып-қайта алады. Естідіңіз, қабырғадан өтіп кете алады. Алапат күш иесі. Бірақ, солай бола тұра, адамнан қорқады олар. Шамасы келсе, адамнан аулақ жүруге тырысады. Ал неге соқтығады, неге зиян келтіреді дегенде былай. Жындардың 3 түрі бар. Әуелгісі әуеде қалықтап жүреді. Екіншілері адам кейпінде жүреді. Үшіншілері хайуанаттар әлеміне ұқсайды. Соңғысын көріп қаламыз, көп ұшырасады…
«Бұлар көбіне мысық, ит, ешкі, түйе секілді хайуандардың суретінде көп кездеседі. Аңшылар кейде, осы жануар кейпіндегі жындарды атып алып, жынды болып не қатты науқастанып қалады. Мұны халық жануардың киесі ұрды деп жатады.
Дейтұрғанмен, бұл жануардың киесі емес, жын-жыбырдың өзі болатын» – дейді дінтанушы Серік Әбенұлы.
Яғни оларға зиян келтірсек, олар да кектенеді. Жын соқты, жын ұрды деген сол, – дейді. Сосын, аталарымыздың күлді баспа, жолға дәрет сындырма, молаға түнеме,-деген тиымдарында да үлкен мән бар.
Жә, жындарға, адамзат әлеміне түсуге, адамдармен қатынас жасауға тиым салынған. Бірақ, әлгі тәуіп-шаман секілділер сол тиымды бұзып, портал есігін ашады.
«Шындығында қазір мына,телеканалдарды қарап отырсаңыздар, астында, болмаса из рук в руки дегенді қарасаңыздар, небір реклама, сиқыршылардың рекламасы көбейіп кетті. Заварожу, приворожу деген жаңағы деген сияқты нәрселерді ашық түрде, сиқыршылар қатты жұмыс істеп жатыр» – дейді жын шығарушы молда Әбдінайым Қарақожа.
Қазір байлар бәсекелесінің көзін құрту үшін киллер емес, жын жібереді (видео)
Осындайларға бір тиым болса,-дейді ғой. Сосын, балалардың немен ойнап жүргеніне де зер салыңыз.
«Ұнайтын баланы өзіңе қарату», «сабақтан үнемі 5 алу дуасы» дейтін күнделіктер ұстап жүр, қайбір балақан…
«Жасөспірімдерді осыдан сақтауда үлкен проблема болып тұр. Балалардың ойыншықтарының ішінде дуалау сияқты элементтер кездесіп жатады. Осы жағынан сақ болған дұрыс» – дейді ҚМДБ жанындағы Ғұламалар кеңесінің мүшесі Ершат Оңғар.
Жаппай, тәуіп аралағыш, бал аштырғыш боп кеттік. Жын иектемегенде, кім иектейді енді?
«Қай түріне жүгінудің өзі шариғат тиым салынған. Түбінде жақсылық жоқ. Барып тұрып, сенбесең де күнә. Өйткені ол жерде жын жабысады. Өйткені, сені екінші рет келетін қылып. Санаңды улап қоюы мүмкін. Соңыңа бір жынды байлап беріп қоюы мүмкін. Әйтеуір бір уақыт болғанда денеңе кіріп кетіп, санасын игеріп басқарып отыруы мүмкін.
Сондықтан бақсыға бармауды пайғамбар тыйған.
Ал кім барып тұрып, сенетін болса, иманынан айырылады» – дейді ҚМДБ жанындағы Ғұламалар кеңесінің мүшесі Ершат Оңғар.
Негізі, жынның адам ішіне кіруі оп-оңай шаруа емес. Қиын, өте қиын тірлік. Адам Алласын ұмытатындай депрессияға түскенде, қатты есі шығып қуанғанда, зина жасағанда ғана енуге мүмкіндік алады екен. Ал қазір ше? Бұл процесті адамдардың өзі тым жеңілдетіп беріп жатқан сияқты…
«Байқағаным қазір көбейіп кетті. Әсіресе, жастардың ауруы. Өйткен, жастар әр нәрсенің байыбына бара бермейді. Өзінікін туралап, үлкендердің сөзін тыңдамайды. Қазір дәретпен жүріңдер десе, тыңдамайды. Солай ғой? Жабық жүр десе, тыңдамайды. Жын шәйтанның келетін жері ашық шашық жерде. Үйде тазалық болмаса. Адамның бойында тазалық болмаса» – дейді жын шығарушы молда Әбдінайым Қарақожа.
Бұрынғылар айтып отыратын «Жер бетіндеге жаратылғандардың барлығы саған жаманшылық ойлағанымен, Алла әмір бермесе саған залал келтіре алмайды» деп. Олай болса, жыннан бекер қорқудың да қажеті жоқ. Керісінше олар бізден қорқады. «Тек, сол бәлекет әлемге жақын жүрме, пал аштырма. Таза жүр, садақа қыл. Болды» – дейді діндарлар.
«Жын аямайды…». Ғалымдар транста жазылған көне хаттың мазмұнын анықтады