Нұр-Сұлтан
Қазір
9
Ертең
5
USD
444
-0.47
EUR
475
+0.97
RUB
4.8
+0.04

“Жас қыздар жылуын сыйлауы керек” – “Бақытты әйел” ток-шоуының жүргізушілері

696

Құралай ханым

Құралай ханым, өзіңіз жүргізетін айдармен таныстырып өтіңізші!

«Құралайдың құпиясы» айдарында мен өзімнің отбасылық тәжірбиемді және ер мен әйел арасындағы қарым-қатынас психологиясын қазақы менталитетке сай етіп жеткізуге тырысамын. Ол қарапайым, ауылда отырған, күнделікті үй шаруасымен айналысатын қазақ әйелдеріне отбасылық, кәсіби және басқа да тақырыптар бойынша пайдалы кеңес беретін, қыз-келіншектердің көкейіндегі сұрақтарға тікелей эфирде жауап беретін қызықты айдар дегім келеді.

Осы ток-шоуды бұрынғы «Әйел бақыты» бағдарламасымен салыстыратындар бар. Бұған қандай пікір айтар едіңіз?

Әйел – отбасының ұйытқысы. Сондықтан әйелдер қауымына арналған бағдарламалардың көптеп шығарылуы дұрыс. Мұндай бағдарламалар өзіндік тәрбиелік мақсаты бар жоба болып табылады. Мысалы, біздің “Бақытты әйел” бағдарламасы іскер, өмірде өз орындарын тапқан әйелдердің жетістіктерге қалай жеткені жайлы, өмірлерінде орын алған қызықты оқиғалар жайлы сыр шертеді. Әйелдің еркелігін, даналығын, мықтылығын дәріптейтін бірден бір ерекше бағдарлама.

– Сіз үшін бақытты әйел деген кім?

Шын бақытты әйел – күнделікті өмірі мен ішкі жан дүниесі бір-бірімен үйлесім тапқан әйел деп айтар едім. Өмірде өзінің орнын тапқан, сүйікті кәсібі мен бақытты отбасы бар әйелді нағыз бақытты әйел деуге болады.

Бақытты әйел болғысы келетін жас қыздарға қандай кеңес айтар едіңіз?

Жас қыздарға ең алдымен өз-өзін сүю қажет екенін айтқым келеді. Өзін жоғары бағалап, әдемілікке, адамгершілікке, даналыққа ұмтылатын әйел айналасындағы жақындарына да жылуын сыйлап, бақытты ете алады.

Құралай ханым

 

Дәл осы сұрақтарды «Әйел бақыты» бағдарламасындағы «Айсұлудың айнасы» айдарының жүргізушісі Айсұлу Ахатқызына да қойдық:

Айсұлу Ахатқызы

Сіздің айдарыңыз көрерменге не ұсынады?

Мен әйел адамның әрдайым сұлу болып қалуының құпияларымен бөлісемін. Себебі, кез-келген әйел әдемілікті өзінен бастауы керек. Жалпы, әйелдің жаны да, көркі де тартымды болуы керек деп ойлаймын.

«Бақытты әйелді» бұрынғы «Әйел бақытымен» салыстыратын көрерменге не дейсіз?

Әр бағдарламаның өзінің белгілі бір концепциясы болады. «Әйел бақыты» бағдарламасы да кезінде көрермендер арасында үлкен сұранысқа ие болған еді. Қоғамдағы өзекті тақырыптарды қозғаған бағдарлама еді. Ал “Бақытты әйел” бағдарламасына келер болсақ, бұл бағдарламаның негізгі мақсаты – қыз келіншектерге отбасылық өмірде қалай өзара түсіністікті орнатуға болатынын, психология ғылымы тұрғысынан қалай бақытты болудың кеңестерімен бөлісіп, әйел “қырық шырақты” екенін дәлелдейтін бағдарлама.

Сіздің ұғымыңыздағы бақытты әйел қандай?

Бақытты әйел – отбасының ұйытқысы, аяулы жар, мейірбан ана.

Бақытты әйел болудың оңай жолы бар ма?

Бақытты әйел болу үшiн әрбір қыз-келіншектің бойында ең алдымен имандылық болуы қажет. Мен тұрмысқа шығарда анам маған мынадай дүниенi айтқан еді: «Қыз бала тұрмысқа шыққанда, барған жерiн бақытты етемін деп шығуы керек» . Осы қағиданы ұстанған әрбір әйел, бақытты болатыны сөзсіз.

Сұхбатыңызға рахмет!

  • «Бақытты әйел» – 4 бөлімнен тұратын («Айнұрдың асханасы», «Айсұлудың айнасы», «Кұралайдың құпиясы», «Мақпалдың мекені» ) әйелдер тележурналы.
  • Ток-шоу тікелей эфирінде жүргізушілер өз жетістіктерінің, сұлулықтарының сырымен бөлісіп, ас үйде дәмді тағамдар дайындауды үйретеді.
  • Сондай-ақ, жеке өмірлеріндегі оқиғаларды баяндайды.
  • Жүргізушілер: Айсұлу Ахатқызы, Айнұр Тұрсынбаева, Құралай ханым, Мақпал Қаратайқызы
  • Қызық болса, жоба туралы ақпарат мына жерде!
Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз