Нұр-Сұлтан
Қазір
21
Ертең
23
USD
448
-1.49
EUR
478
-0.38
RUB
4.76
0.00

Сұмдық! Түркістанда балаларын дуалға ұратын әкенің қылмысы әшкере болды (видео)

278

Қазір Дәурен есімді азамат балаларын нағашы әжесімен кездестірмей қойған. Оларды сабап, аяқ-қолдарын байлап, қорапшаға салып қояды екен. Осындай жантүршігерлік жағдайға куә болған әйел немерелерін видеоға түсіріп, полицияға арызданады. Бірақ онысынан түк шықпай, тәртіп сақшылары керісінше, өзіне айыппұл төлетіп қояды.

“Балалар сарайдың алдындағы екі итке құйған тамақты ішіп жүр. Оларға ешкім тамақ бермейді. Жаз бойы ауылда ағылып жатқан қарбыз, қызанақ дегенді жеп көрмеген.

Құдағиым (Дәуреннің анасы) да қазіргі келінінің ісін көзімен көріп отыр. Екеуміз балаларды дәрігерге алып бардық. Полицияға қайта арыздандық. Кішкентайлардың алған жарақаттарына, денсаулығының нашарлап кеткеніне қарамастан, оларға 75 мың теңге айыппұл салып қойды. Одан басқа ешқандай шара қолданбай, істі жауып тастады”, – дейді қария.

Енді Гүлбахор әжей немерелерін өз қамқорлығына алып, қатыгез ата-ананың тиісті жаза алуын қалайды. Осыған тиісті органдар назар аударып, балалардың бақытты өмір сүруіне қолдау көрсетуді сұрап отыр.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз