Нұр-Сұлтан
Қазір
5
Ертең
-2
USD
449
-1.43
EUR
484
-3.48
RUB
4.86
0.00

Иманғали Тасмағамбетов Ресейдің қорғаныс министрімен кездесті

Аталған министрлік баспасөз қызметінің мәліметінше, кездесу барысында Иманғали Тасмағамбетов ресейлік әріптесін Сириядағы әскери операциясының сәтті өтуімен құттықтады.

– Біздің кездесулеріміз жиі өткізілетін мазмұнға ие болып отыр. Бұл Қазақстан мен Ресей сияқты стратегиялық серіктестер үшін қажеттілік болып табылады. Мүмкіндікті пайдалана отырып, Сириядағы әскери операцияның сәтті өтуімен шын жүректен құттықтағым келіп отыр, – деді ҚР қорғаныс министрі Иманғали Тасмағамбетов.

Өз кезегінде РФ қорғаныс министрі әскери саладағы ынтымақтасты одан әрмен дамытуға мүдделі екендіктерін мәлімдеді.

– Халықаралық лаңкестікпен күресуде ортақ түсінік пен өзара іс-қимыл жасау қажет. Жалпы алғанда, ғасырлар бойы жинақталған барлық бастамалардың беріктілігі шыңдалуда. Мұнда да баршамызға ол жақта болып жатқанды тағы бір мәрте талқыға салып, лаңкестікпен күресу жөнінде қосымша бірлескен шараларды қарастыруымыз қажет шығар. Бүгін бізде осындай мүмкіндік болады деп үміттенемін. Ынтымақтастымызға қатысты айтар болсақ, оның стратегиялық, татулық сипатқа ие екендігі сөзсіз, – деді Сергей Шойгу.

Бүгін, Астанада Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше елдердің қорғаныс министрлерінің кеңесі өтіп жатқанын естеріңізге сала кетейік. Отырыс шеңберінде ШЫҰ-на мүше мемлекеттердің әскери үрмелі оркестрлерінің «Бейбітшілік кернейі» ІІІ халықаралық фестивалі өтеді. Оған Қырғыз Республикасы, Қытай Халық Республикасы, Ресей Федерациясы, Тәжікстан Республикасы мен Қазақстан Республикасы әскери оркестрлерінің жеке құрамы қатысады.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз