Американдық Los Angeles Times басылымы «Бокстың келесі бетке ұстары кім болады?» материалында спорттық жолын аяқтаған Флойд Мейвезер мен Мэнни Пакьяо ізбасарларының рейтингін құрастырды.
ТОП-10 рейтингін жеңілмеген орта салмақтағы боксшы Геннадий Головкин бастады. Ол 35 рет жеңіске жеткен, оның 32 – нокаутпен.
«160 фунтта басымдығын танытқан Головкин Доминик Уэйд сияқты қарсыластарына оны жеңу мүмкіндігі жоқ екенін дәлелдеді», – деп жазды басылым.
Ондықтың тізімі төмендегідей:
2. Роман Гонсалес
3. Сергей Ковалев
4. Андре Уорд
5. Василий Ломаченко
6. Теренс Кроуфорд
7. Сауль Альварес
8. Дэнни Гарсия
9. Лео Санта Крус
10. Деонтей Уайлдер